«Жүректен шыққан алғыс»

«Жүректен шыққан алғыс»

27 ақпан күні «Жас ұрпақ» КМҚК-да  бірлік пен ізгіліктің, өзара қолдау мен сыйластықтың маңызын айшықтайтын ерекше мереке — Алғыс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күні мекемемізде тәрбиеленушілердің өмірінен тыс қалмай, оларға тұрақты қолдау көрсетіп, ұжыммен бірге олардың амандығы мен жарқын болашағына ортақтасып жүрген әлеуметтік серіктестерге құрмет көрсетілді. Олардың қатысуы — жай ғана әріптестік емес, бұл балалар тағдырына деген шынайы жанашырлық, олардың табысты әлеуметтенуі мен тұлға болып қалыптасуына қосылған қомақты үлес.

Іс-шара барысында қонақтарға «Жас ұрпақ» КМҚК басшысы А.К.Койсоймасова құттықтау сөз арнады. Ол жиналған қауымды Алғыс күнімен құттықтап, нәтижелі ынтымақтастық, жанашырлық пен бейжай қарамайтын қолдау үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, бірлескен күш-жігердің арқасында тәрбиеленушілер өздерін қолдаулы, қамқорлыққа бөленген әрі өз мүмкіндіктеріне сенімді сезінетін орта қалыптасатынын атап өтті.

Алғыс белгісі ретінде қонақтарға алғыс хаттар мен тәрбиеленушілердің өз қолымен жасаған естелік сыйлықтары табысталды. Әрбір сыйлыққа балалар жүрек жылуын, шынайы ықыласын және үмітке толы қарапайым, бірақ аса маңызды «рахмет» сөзін арнады.

Мерекелік кештің шырайын   «Щарбақты ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Халық шығармашылығы орталығының» өнерпаздары — Батырбек Алимбаев пен Ермек Хавайдың жарқын музыкалық нөмірлері аша түсті. Олардың әсерлі өнері көрермендерге жылы эмоция сыйлап, залды қуаныш пен шынайы көңіл күйге бөледі.

Бұл күн тағы бір маңызды ақиқатты дәлелдеді: алғыс айту — жүректерді жақындастырады, серіктестікті нығайтады және бізді бірлікке бастайды. Тек ынтымақтастық, қолдау және өзара құрмет арқылы ғана біз тәрбиеленушілеріміз үшін лайықты бүгін мен сенімді ертеңді қалыптастыра аламыз.