
Мектеп қабырғасында жүріп-ақ нағыз IT-маманның міндетін атқару мүмкін бе? Әлбетте! Павлодар облыстық дарынды балаларға арналған №8 лицейдің 7-сынып оқушысы Маликова Инара білім беру саласына тың серпін беретін технологиялық шешім ұсынды.
Ол жобалау қызметін жүйелеуге арналған «Idea2Result» атты бірегей онлайн-платформаны әзірледі. Бұл жай ғана сайт емес, оқушының алғашқы идеясынан бастап, соңғы нәтижесіне дейін жетелейтін цифрлық көмекші.
Платформаның ерекшелігі неде?
Платформа кәсіби Laravel (PHP) бағдарламалау тілінде жасалған. Оның көмегімен кез келген жобаны сауатты жоспарлауға болады:
Инара бұл жобаны Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің докторанты, биология пәнінің мұғалімімен бірлесіп дайындады. Бұл — педагогикалық тәжірибе мен заманауи кодтың сәтті үйлесімі.
«Idea2Result — бұл жай ғана тапсырмалар жиынтығы емес, бұл — жоспарлау мәдениеті, мерзімге деген жауапкершілік және нақты нәтижеге ұмтылу», — дейді мамандар.
Бұл жүйені кез келген оқу орнының серверіне орнатып, жобалық жұмыстарды басқарудың толыққанды құралы ретінде пайдалануға болады.
Инараның жобасы заманауи мектеп оқушысының тек гаджет қолданушы емес, қоғамға пайдалы өнім жасаушы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл — білім жүйесін цифрлық трансформациялауға жасалған батыл қадам!