
Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері үшін кәсіби дамудың жаңа кезеңі басталды. Бүгін Петропавл қаласындағы Байкен Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінің базасында студенттердің біліктілігін шыңдауға арналған ауқымды тағылымдаманың тұсауы кесілді.
36 академиялық сағатқа жоспарланған қарқынды практика студенттердің өз мамандығын тереңірек меңгеруіне жол ашады.
Біздің жас мамандарымыз — Алексей Холмов пен Мейірхат Әлімбаев, арнайы пәндер оқытушысы Маргарита Владимировна Козярскаяның жетекшілігімен нақты өндірістік процестерге араласуда.
Бағдарламаның басымдықтары:
Оқу процесімен қатар, бүгін екі колледж арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл маңызды құжат екі білім ордасының әріптестігін нығайтып, бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасу бағдарламаларын жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жаңа құзыреттерді игеру және сенімді алға жылжу — заманауи еңбек нарығындағы табыстың басты кепілі!