
Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2026 жылғы 20-23 ақпан аралығында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметі дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Қорытынды кезеңге жеңімпаз және жүлдегер атағы үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам жас зерттеуші бақ сынасты. Оның ішінде Павлодар облысынан 20 оқушы 15 жобамен қатысты.
Конкурс 6 секция бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; тарих, өлкетану; технология және өнер; шетел тілі; этномәдениеттану.
Конкурс қорытындысы бойынша оқушылар 14 жүлделі орынға ие болды: І орын – 3 оқушы; ІІ орын – 4 оқушы; ІІІ орын – 7 оқушы. Құрмет грамоталарымен 2 оқушы марапаталды.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша
2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының
жеңімпаздары мен жүлдегерлері
|
№ |
Оқушының аты - жөні |
Секция |
Сынып |
Мектеп |
Орын |
|
1 |
Асаинова Медина, Сатбек Абумансұр |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
3,3 |
Екібастұз қаласының С. Торайғыров атындағы № 22 гимназия – мектебі |
|
|
2 |
Ултанбаева Акнур |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
6 |
Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
|
3 |
Айтмағамбет Нұрали, Ұзақбай Нұрхан |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
6,6 |
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы |
ІІІ |
|
4 |
Жолдабек Батырхан |
Орыс тілі мен әдебиеті |
6 |
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы |
ІІ |
|
5 |
Қаиржан Тахир |
Орыс тілі мен әдебиеті |
4 |
Павлодар қаласының Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебі |
ІІІ |
|
6 |
Жанатаева Раяна |
Орыс тілі мен әдебиеті |
4 |
Павлодар қаласының Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебі |
І |
|
7 |
Абишев Алихан, Салимова Айгерим |
Орыс тілі мен әдебиеті |
6,6 |
Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы |
І |
|
8 |
Никитенко Макар, Рыбалкина Таисия |
Тарих, өлкетану |
4,4 |
Павлодар қаласының С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
|
9 |
Оспанова Амина |
Тарих, өлкетану |
6 |
Ақсу қаласының № 4 орта мектебі |
ІІ |
|
10 |
Буланов Лев |
Технология және өнер |
2 |
Павлодар қаласының А. Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі |
|
|
11 |
Какимова Наргиз |
Технология және өнер |
7 |
Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
|
12 |
Бисимбаева Лаяна |
Шетел тілі |
4 |
Павлодар қаласының Ш. Шөкин атындағы жалпы орта білім беру гимназия-мектебі |
ІІ |
|
13 |
Тюлюгенова Жасмин |
Шетел тілі |
7 |
Шарбақты ауданының Шалдай жалпы орта білім беру мектебі |
ІІ |
|
14 |
Берикова Даяна, Қайролла Айзере |
Этномәдениеттану |
6,6 |
Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы |
ҚГ |
|
15 |
Досмағамбет Алдияр |
Этномәдениеттану |
3 |
Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беру мектебі |
|