DARYA жобасы аясында кәсіби білім беруді жетілдіру мәселелері талқылануда

DARYA жобасы аясында кәсіби білім беруді жетілдіру мәселелері талқылануда

Астанада кәсіби шеберлік орталықтарын дамытуға арналған республикалық семинар өтуде.

2026 жылғы 11 ақпанда Астана қаласында кәсіби шеберлік орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған республикалық семинар өз жұмысын бастады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, «Talap» КЕАҚ және European Training Foundation (ETF) қолдауымен DARYA халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылуда.

Еліміздің 28 жетекші колледжінің қатарында бұл семинарға Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі қатысуда.

Үш күнге жоспарланған бағдарлама аясында ISATCOVE халықаралық өзін-өзі бағалау құралын енгізу, стратегиялық жоспарлау жүйесін дамыту және білікті кадрларды даярлау сапасын арттыру мәселелері қарастырылуда.

Сонымен қатар Global Gateway бастамасы шеңберіндегі халықаралық әріптестікті кеңейту мүмкіндіктері мен ENE (Network for Excellence) жаһандық желісіне қосылу перспективалары талқылануда.

Семинарға қатысу колледждің кәсіби шеберлік орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып, оның тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.