
Облыстық мобильді топ педагог қызметкерлерді аттестаттау рәсімінің ережелерін түсіндіру мақсатында өңірлік колледждердің педагогтерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында аттестаттау рәсімінің нормативтік-құқықтық негіздері жан-жақты түсіндіріліп, педагогтердің кәсіби қызметін бағалау критерийлері нақты мысалдар келтіру арқылы талқыланды. Сонымен қатар, аттестаттаудан өту процесінде жиі туындайтын өзекті мәселелер қарастырылып, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.
Аттестаттау материалдарын дайындау тәртібі мен құжаттарды рәсімдеу талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Педагогтерге қажетті құжаттарды дұрыс жинақтау, ұсыну және белгіленген мерзімдерді сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Аталған кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде офлайн және онлайн форматта жалғасын табатын болады.
Барлық педагог қызметкерлерге аттестаттау рәсімінен сәтті өтіп, кәсіби жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!