Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығының жарқын көрінісі

Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығының жарқын көрінісі

Павлодар қаласының мектептерінде «Біртұтас тәрбие беру» бағдарламасы аясында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Даналық мектебінің бастамасымен, «Аналар мектебі» мен «Жеңгелер мектебі» жоспарына сәйкес өткен «Салауатты ұрпақ – ұлт келешегі» атты аналар арасындағы волейбол жарысы жоғары деңгейде өтті. Бұл сайыс тек спорттық бәсеке ғана емес, бірлік пен салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісіне айналды.

Жарысқа Малайсары батыр атындағы ЖОББМ, Қ.Бекқожин атындағы ЖОББМ және №18, №2, №41 мектептердің аналар командалары қатысты. Қатысушылар ұйымшылдық пен табандылық танытып, көрермендерге тартысты ойын сыйлады.

Шараның басты мақсаты – ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайту.

Қорытындысында І орынды Малайсары батыр атындағы ЖОББМ, ІІ орынды Қ.Бекқожин атындағы ЖОББМ, ІІІ орынды №41 ЖОББМ командасы иеленді. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Қатысушылар мұндай жарыстардың аналар арасындағы достықты нығайтып, балаларға спортпен шұғылданудың үлгісін көрсететінін атап өтті.

Жалпы, шара көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аналар арасында спортқа деген қызығушылықты арттырған мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор бастама болды.