Педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған семинар

Педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған семинар

Май ауданында Б. Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінде қосымша білім беру педагогтеріне арналған аудандық семинар өтті.

Семинар аясында педагогтер арасында тәжірибе алмасу, мазмұнды шеберлік сағаттар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қосымша білім беру саласына арналған виртуалды әдістемелік кабинет жобасы таныстырылып, оның педагогтердің кәсіби дамуы мен әдістемелік қолдауды жетілдірудегі маңызы атап өтілді.

Сонымен қатар, қатысушылар кейс тапсырмаларымен жұмыс жасап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Семинардың практикалық бөлімінде педагогтер жоба құрып, оны қорғау арқылы өздерінің шығармашылық және кәсіби әлеуеттерін көрсетті.

Аудандық семинар педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, инновациялық идеяларды енгізуге және кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталды.