
№47 келешек мектебінде сабақ барысында заманауи цифрлы құралдар тиімді қолданылып, оқушылардың қызығушылығы мен оқу сапасы артуда. Информатика сабақтарында жасанды интеллект құралдарын пайдалану оқушылардың логикалық ойлауын, талдау және мәселе шешу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. ЖИ көмегімен тапсырмаларды жекелеу, жедел кері байланыс беру және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жүзеге асады.
Интерактивті панель арқылы математика сабақтары ойын элементтерімен, жедел кері байланыспен өтеді. Оқушылар тапсырмаларды экранда орындап, нәтижесін бірден көреді. Бұл әдіс балалардың пәнге қызығушылығын арттырып, математикалық ойлауын дамытады. Цифрлы білім беру – оқушыны белсенді, ойлай алатын және заманауи технологияларды меңгерген тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды бөлігі.