
8–9-сынып оқушыларымен кездесулер бір мезгілде алты алаңда ұйымдастырылды: «Самғау» балалар шығармашылық орталығында, Естай атындағы балалар музыка мектебінде, сондай-ақ № 4, № 13, № 21 жалпы білім беретін мектептерде және № 36 мектеп-лицейінде. Іс-шараға 1312 оқушы қатысты.
Кездесулерге Екібастұз қаласының прокуратура өкілдері қатысты. Ашық диалог барысында жасөспірімдерге олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы айтылды. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері мәселелері қозғалды.
Акция «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының «Заң мен тәртіп» идеологеммасын іске асыру аясында өтті және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.