Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие: тәжірибе мен тағылым

Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие: тәжірибе мен тағылым

Май ауданында «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысын күшейту, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта түрлі тәрбиелік іс-шаралар, жобалар мен тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып келеді.

Осы жұмыстардың жалғасы ретінде Май ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінде

«Адал азамат» бағдарламасы – ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиенің өзегі” тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинар барысында:

  • тәрбие жұмысын заманауи форматта ұйымдастыру жолдары;

  • буллингтің алдын алу және психологиялық қолдау көрсету тетіктері;

  • ұлттық ойындар мен өнер арқылы адал азамат тәрбиелеу тәжірибелері;

  • STEAM және жасанды интеллект негізінде тәрбиелік контент әзірлеу бағыттары қамтылды.

Пленарлық отырыс, театрландырылған қойылымдар мен мазмұнды шеберлік сыныптары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Шеберлік сыныптары барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру, тәрбиелік іс-шараларды креативті форматта жоспарлау, оқушылармен жұмыс барысында психологиялық қолдау әдістерін қолдану, сондай-ақ цифрлық құралдар мен жасанды интеллект көмегімен тәрбиелік контент әзірлеу жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді.