
Құрметті ата-аналар!
Павлодар облысының мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау конкурсына тіркелу басталды!
Бүгінгі таңда біздің өңірде дарынды балаларға арналған 14 мектеп табысты жұмыс істеп жатыр, онда 5000-нан астам зерек және қабілетті оқушы білім алуда. Бұл білім мекемелері пәндерді терең меңгеруге, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, болашақта табысты болуға барлық жағдайларды қамтамасыз етеді.
Егер сіздің балаңыз білімге ұмтылса, ғылымға, шығармашылыққа немесе зерттеу қызметіне қызығушылық танытса – мамандандырылған мектепте оқу оның жаңа жетістіктерге және үлкен жеңістерге жету жолында маңызды қадам бола алады.
Конкурсқа қатысуға тіркелу 2026 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында жүргізіледі: qabyldau.daryn.kz