
Екібастұз қаласында тәрбие ісі жөніндегі директорлардың орынбасарларына арналған семинар өтті. Шара мектептердегі тәрбие жүйесіне цифрлық құралдарды үйрету және енгізу бойынша практикалық алаңға айналды. Семинар №18 мектептің базасында «Әдістемелік кейс» байқауы аясында ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі «фишкасының» бірі – «Цифрлық куратор» форматы болды. Бұл – Екібастұзда енгізіліп жатқан, тәрбие жұмысын сүйемелдеуде жасанды интеллект элементтерін қолдануға негізделген модель. Қатысушыларға цифрлық платформалар мен аналитикалық құралдарды оқушылардың белсенділігін мониторингілеу, жеке қолдау траекторияларын құру, тәуекел топтарымен жұмыс жүргізу және ата-аналармен жүйелі кері байланыс орнату үшін қалай тиімді пайдалануға болатыны көрсетілді.
Семинар бағдарламасында құндылыққа негізделген тәрбие тәжірибелері мен мектеп кеңістігіндегі «тәрбиелік панорамалар» да таныстырылды. Ал басқарушылық кейстер форматы педагогтерге мектеп өміріндегі нақты жағдаяттарды талдап, тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша заманауи шешімдер табуға мүмкіндік берді.