Еркін ой мен жауапты сөз алаңы

Еркін ой мен жауапты сөз алаңы

Май ауданында «Заң және тәртіп» айлығы аясында аудандық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аудандық оқушылар үйінде өткен зияткерлік додаға Жалтыр, Көктөбе, Е.Мұқашев, А.Иманов атындағы орта мектептердің және Аудандық оқушылар үйінің командалары қатысты.

Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және пікірсайыс арқылы өз ойын дәлелді, нақты жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Қатысушылар тартысты әрі мазмұнды ойында өз білімдері мен шешендік қабілеттерін көрсетті.

Пікірсайыс БПФ (Британ парламенттік форматы) жүйесінде ұйымдастырылып, үш іріктеу кезеңінен тұрды. Нәтижесінде жоғары және төменгі лига финалистері анықталып, үздіктер марапатталды.

Жоғары лига финалының нәтижелері:

І орын — Е.Мұқашев ОМ «Ұлы Дала қыздары» (Болатова А., Рахадыл А.)

ІІ орын — Е.Мұқашев ОМ «Kz Girls» (Мускен Т., Айбол Б.)

ІІІ орын — Аудандық оқушылар үйі «АқылDuo» (Болат К., Ахметхожина А.)

ІІІ орын — Аудандық оқушылар үйі «Егіздер» (Айболқызы А., Айболқызы К.)

Төменгі лига финалының нәтижелері:

І орын — Көктөбе ОМ «Көктөбе 1» (Каирбеков А., Бейсенбайқызы А.)

ІІ орын — Жалтыр ОМ «Жас Қыран» (Камит З., Самарқан З.)

ІІІ орын — А.Иманов ОМ «Tilmar» (Косман А., Шорманова А.)

ІІІ орын — Көктөбе ОМ «Көктөбе 2» (Шарапат И., Талғат С.)

Сонымен қатар, турнир қорытындысы бойынша «Үздік төреші» номинациясымен Болатова Меруерт марапатталса, «Үздік спикер» атағы Е.Мұқашев орта мектебінің оқушысы Болатова Амираға бұйырды.

Аудандық пікірсайыс турнирі жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың еркін ойлауына, көшбасшылық қасиеттерін дамытуына зор мүмкіндік берді. Зияткерлік бәсеке алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, пікірсайыс мәдениетінің дамуына серпін береді деген сенім мол.