
Еліміздің мәдени өміріндегі ең беделді өнер додаларының бірі — XVI Ұлттық Дельфий ойындары биыл да жас өнерпаздардың жоғары деңгейін айқын көрсетті. Осы айтулы байқауда Музыкалық колледждің «Қазақ халық аспаптары» және «Фортепиано» бөлімінің 4 курс студенттері Гадулбекова Дарина мен Габдуллина Амина ерекше өнер көрсетіп, Алтын медаль иегерлері атанды.
Дарина мен Амина байқау барысында кәсіби шеберліктің биік үлгісін танытып, күрделі музыкалық шығармаларды жоғары орындаушылық мәдениетпен жеткізе білді. Олардың сахнадағы сенімділігі, көркемдік ойлау тереңдігі мен музыканы жүрекпен сезінуі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Әрбір орындалған туынды ұлттық өнердің бай мұрасын заманауи деңгейде дәріптей отырып, тыңдарманға ерекше әсер қалдырды.
Сонымен қатар, музыкалық мектеп-интернат тәрбиеленушілері де «Silk Way Creative Games» XVI Ұлттық Дельфий ойындарында жоғары нәтижелер көрсетіп, оқу орнының мерейін үстем етті.
Алтын медаль иегерлері: Абильдинова Аделина, Данияр Әнел, Тұрмыс Ермұхан және қола медаль — Әшірбек Қасиет
Лауреаттарды дайындаған педагогтар: М.Х.Колаян, А.А. Аветисян, Я.О. Касьян, М.С. Ботагузов, Ж.Д.Кабышева және К.О. Тютюнова.
Алтын медаль иелену — жас музыканттардың шығармашылық жолындағы маңызды белес қана емес, сонымен қатар отандық мәдениеттің дамуына қосылған зор үлес. Бұл жарқын жеңістер — жас музыканттардың таланты мен еңбегінің, сондай-ақ олардың ұстаздарының жоғары кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі. Барлық жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық шабыт, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!