
“Білім Star” айдарымыздың келесі кейіпкері – Римма Кондакова.
Римма – нағыз көп қырлы жас талант!
Павлодар қаласындағы №2 Балалар өнер мектебінде сурет пен бейнелеу өнері бөлімінің 2-ші сыныбында оқып, шығармашылық әлемін кеңейтуде.
Ол эпоксидті шайырдан сәнді білезіктер, сырғалар және сыйлық бұйымдар жасайды.
Сонымен қатар, Римма жас блогер, би мен аспаздық өнерге де құштар, шығармашылығын әр салада көрсетіп келеді.
Оның шеберлігі мен жігері оны кішкентай кәсіпкер ретінде де ерекше етеді: әлеуметтік желілерде өз жұмыстарын бөлісіп, кішкентай балаларға шеберлік-сыныптар өткізеді.
Римма – әлемді әсемдеуге талпынған нағыз талант!