
Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы базасында «Мен–тиімді көшбасшымын» облыстық конкурсының күндізгі туры мен финалын өткізді.
Финалдық кейс-интервью барысында Павлодар облысының білім ұйымдарының басшылары арасындағы конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
«Көшбасшылық жолында» номинациясының иегері – Павлодар қаласындағы №26 мектептің директоры Ниязбекова Гульмира Мухаметхановна.
Үшінші орын және «ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КӨШБАСШЫСЫ» атағы Аққулы ауданы, Садуакас Сатыбалдин атындағы мектеп директоры Батталова Жайрангуль Кайсановнаға берілді.
Екінші орын және «ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ТОП-КӨШБАСШЫ» атағын Павлодар қаласындағы №29 мектептің директоры Абдраев Дархан Абулкаироович жеңіп алды.
Бірінші орын және «ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӨШБАСШЫ» дипломы Павлодар қаласындағы №46 мектептің директоры Нажипов Махамбет Қазбекұлына табысталды.
Бас жүлде және «МЕН- МЕГА-ТИІМДІ КӨШБАСШЫМЫН» атағы Павлодар қаласындағы №40 мектептің директоры Мәуленқұлов Қожакелді Аманкелдіұлына бұйырды.
Павлодар облысының мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары арасында өткен «Мен-тиімді көшбасшымын» конкурсының барлық қатысушыларын құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!