
Екібастұз қаласында Екібастұз Ғылым мектебі базасында қаланың білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен ОДК «Қайнар» педагог-психологының қатысуымен тәжірибе алмасу форматында семинар-тренинг өтті.
Іс-шара мектептегі тәрбие жұмысының сапасын арттыру және білім беру ортасындағы тәуекелдердің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың аясында ұйымдастырылды.
Семинар барысында заманауи тәрбие жұмысының негізгі бағыттары қарастырылды: «Адал азамат» жобасын іске асыруда жасанды интеллект құралдарын қолдану, «Досболlike» бағдарламасын енгізу, білім алушылар арасында буллинг пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ ата-аналармен тиімді диалог орнату жолдары.