
ТЖКБ бойынша оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыс колледждерінің әдіскерлеріне арналған семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:
– педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
– аттестаттау үдерісіне жүйелі дайындықты қамтамасыз ету;
– авторлық бағдарламаларды әзірлеуде бірыңғай әдістемелік бағыт қалыптастыру.
Семинар барысында көтерілген негізгі мәселелер: авторлық бағдарламаны әзірлеу бойынша әдістемелік ұстанымдарға түсіндірме жүргізілді; 2026 жылғы педагогтерді аттестаттау ережелері толық әрі жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, ақпан айында 2026 жылы аттестаттаудан өтетін ТЖКБ ұйымдарының педагогтерімен арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.