
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Бес ғажайып сәт-2026» қалалық жобасының «Ертегі кейіпкерлері» атты 3 туры өткізілді.
«Бес ғажайып сәт-2026» жобасы «Жас кәсіпкерлер», «Қыран елім - Қазақстаным», «Ертегі кейіпкерлері», «Эрудит», «Қош келдің, әз Наурыз» атты 5 кезеңнен тұрады. Ережесіне сәййкес әр кезеңде төмен ұпай жинаған командалар жобадан шығып отырады.
Жобаға қала мектептерінен 10 сыныптың 260 оқушыдан құралған 26 команда қатысты.
«Ертегі кейіпкерлеріне» 2 кезеңнен өткен қаланың 12 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты.
- Байқау шарттары бойынша қатысушылар қардан түрлі ертегі тұлғаларын - халықтың көпжылдық ойын-сауығын жасады. Қыстың келуімен қалалар мен құлыптар салынып, жануарлар мен мүсіндер мүсінденді. Мектеп оқушыларының шығармашылығында жыл символы бар ертегі тұлғалары болды, - дейді «Павлодар дарыны» орталығының педагог-ұйымдастырушысы Сания Болатқызы.
- Байқау өте қызықты, шығармашыл және танымды өтті. Біз мультфильмдердің мазмұнын, олардың кейіпкерлерін білуіміз керек еді. Әрқайсымыз жақсы есте сақтаған бейнелерді жасадық. Нәтижесінде ертегі қалашығы пайда болып, біздің команда 12 мектеп командасының ішінде жеңімпаз атанды, - дейді Буринов Дияр, М.Жүсіп атындағы мектебінің жеңімпаздар командасының өкілі.
- Мектеп аумағы қарлы қалашыққа ұқсап, қатысушылардың бойында жағымды эмоциялық көңіл-күй оятып, көркемдік дәмді қалыптастыруға, қозғалыс белсенділігін ынталандыруға, таза ауада қалуға және қарлы ойын-сауықтарды тамашалауға ықпал етті. Қарлы мүсіндер қала тұрғындарының назарын аударды, жалпы «Бес ғажайып сәт-2026» жобасы өте қызықты, әр кезеңге оқушылар қызығушылық танытып, белсенді қатысады - дейді, Зауреш Ермековна М.Жүсіп атындағы мектебінің басшысының орынбасары.
Алдағы уақытта осы кезеңнен өткен мектептерді «Эрудит» байқауына дайындық күтіп тұр.