
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Заң мен тәртіп» атты құқықтық интерактивті квест-ойын өтті.
Іс-шара Білім беру басқармасы, Оқушылар сарайы және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бірлескен ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Квестке қала мектептерінің 10–11-сынып оқушылары қатысты.
Ойынның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, оларды күнделікті өмірде және интернет кеңістігінде кездесетін қауіп-қатерлерді тани білуге үйрету, алаяқтықтың алдын алу болды.
Квест он мазмұнды станциядан тұрды. Әр станцияда оқушылар өмірде жиі ұшырасатын жағдайларды саралап, қауіпсіздік пен заң талаптарына сай шешім қабылдады. Қатысушылар күмәнді хабарламаларды тануды, жалған ақпаратты ажыратуды, алдаудың белгілерін анықтауды және оның салдарын түсінуді үйренді.
- Ойын барысында алаяқтықтың түрлі көріністері — жалған жеткізу хабарламалары, банк деректерін сұрату, әлеуметтік желідегі жалған аккаунттар, «жылдам табыс» уәделері мен заңсыз қаржы айналымына тарту секілді мәселелер қамтылды. Интерактивті форматта өткен квест оқушылардың сыни ойлауын шыңдап, жауапкершілік пен сақтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. «Заңды білу – қорған, ойлы болу – қалқан» деген қағиданы ұғындырған бұл іс-шара жасөспірімдер үшін маңызды тәжірибе алаңына айналды, - деп атап өтті Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Алёна Шияненко.
ЖЕҢІМПАЗДАР
І орын – А. Байтұрсынов атындағы мектеп
ІІ орын – А. Шамкенов атындағы мектеп
ІІІ орын – №47 мектеп
НОМИНАЦИЯЛАР
«IT-сақшылар» номинациясы – №35 мектеп
«Айқындық сақшылары» номинациясы – №7 мектеп
«Кибер-детективтер» номинациясы – №43 мектеп
«Құқық қорғау сақшылары» номинациясы – Б. Момышұлы атындағы мектеп
«Заңдылық қорғандары» номинациясы – №27 мектеп
«Қаржылық бақылау шеберлері» номинациясы – №11 мектеп
«Көлеңкелі айналыммен күресушілер» номинациясы – №24 мектеп
«Қаржылық қауіпсіздік агенттері» номинациясы – №39 мектеп.