«DARYN ECOART» оқушылардың жаңа таланттарын ашты

«DARYN ECOART» оқушылардың жаңа таланттарын ашты

Өскелең ұрпақтың экологиялық білімі мен тәрбиесі барған сайын басым бағытқа айналуда. Қоршаған әлемге тұтынушылық көзқарастың нәтижесінде адамзат экологиялық апатқа тап болады. Бүгінде өмір сүру және болашақта адамның өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қазіргі ұрпақ экологиялық құндылықтарды игеріп, оларға сәйкес сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасауы керек.

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылғы 23 қазанда 1-6 сынып оқушылары арасында «DARYN ECOART"»республикалық экологиялық суреттер мен көркем қолөнер конкурсының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:

- туған өлкенің табиғаты мен пейзажы тақырыбындағы үздік сурет байқауы;

- қайта өңделген материалдардан, қалдықтардан және т. б. жасалған үздік көркем қолөнер конкурсы;

Үздік сурет конкурсына 1-4 сынып оқушылары қатысты (6 жастан 10 жасқа дейінгі жас тобында). Әрбір қатысушы 5 суреттен тұратын экологиялық тақырыпқа, пейзаждар мен табиғатқа, туған өлкенің қоршаған ортасын сақтауға және ұқыпты қарауға арналған жұмыстар топтамасын ұсынды.

5-6 сынып оқушылары арасында (11-13 жас санатында) үздік көркем қолөнер байқауы өткізілді. Жұмыстар мынадай критерийлерге сәйкес болуы тиіс: авторлық ойды ашудың толықтығы; идеяның бірегейлігі, шығармашылық тәсіл; орындау техникасының деңгейі, жұмысты ресімдеудің эстетикасы, сондай-ақ орындалған жұмыстың сапасы (беріктік, орнықтылық).

Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары 104 оқушы қатысты. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған 59 оқушы Павлодар облысы білім басқармасының дипломдарымен, оның ішінде I дәрежелі - 14, II дәрежелі – 19, III дәрежелі – 26 дипломдарымен марапатталды.

Облыстық кезеңнің барлық қатысушыларына конкурсқа қатысушының сертификаттары табыс етіледі, үздік жұмыстар "DARYN ECOART"суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың республикалық экологиялық конкурсына жіберіледі.