Үш тілде білім беруді енгізе отырып

Үш тілде білім беруді енгізе отырып

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер директорларының орынбасарларының мәжілісі өтті. Кеңеске қатысушылар өңірде үш тілде білім беруді енгізу барысы туралы мәселені талқылады. Олар үштілді білім беру қалай енгізіліп жатқаны, жергілікті жерлерде қандай проблемалар шешілмегені, пәннің игерілуін бақылау қалай жүзеге асырылатыны, көптілді педагогқа әдістемелік сүйемелдеу мен қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастырудың қандай тетіктері қамтамасыз етілгені немесе қамтамасыз ету керектігі туралы ақпаратпен алмасты.

Кеңесте Ақтоғай ауданының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Д.С.Оспанова, Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.С. Құсайынова, Павлодар ауданының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі М. А. Кауметова, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты директорының орынбасары Г. Б. Нұрғазина, білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскері Н. С. Жантурина сөз сөйледі.
Мәселені талқылау соңында үш тілді білім беру өзара байланысты және өзара тәуелді әлем жағдайында жас ұрпақты өмірге дайындаудың пәрменді құралы болып табылатыны атап өтілді. Әдістемелік қызметтің міндеті-осы маңызды және өзекті міндетті шешу үшін жағдай жасау, тілдерді оқытудың тиімді әдістерін іздеу, өңірдегі үштілді білім берудің нәтижелерін бекіту және сапасын арттыру.