Жас суретшілердің суреттері «Абайдың қара сөздері» кітабында жарияланды

Жас суретшілердің суреттері «Абайдың қара сөздері» кітабында жарияланды

«BAURZHANFoundation», «Балалар әлемді бейнелейді» қорлары және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастырған байқау аясында Балалар көркемсурет мектебінің бес павлодарлық оқушыларының жұмыстары «Абайдың қара сөздері» кітабын иллюстрациялау үшін іріктелді.

Қазан айында павлодарлық қатысушылар республикалық байқау жеңімпазының дипломын және шығарылған «Абай қара сөздері»кітабына ие болды.
Кітапта Авазбакова Каринаның фломастерлермен және акварельмен боялған суреттерінде 35 «Қара сөзі», Жексенова Адина, Полянцева Ангелина, Кайдарова Римма гуашьпен орындалған, -- 44, 23 және 45 «Қара сөздерІ» бейнеленген. Алексеенко Валерияның «Абай портреті «жұмысы кітаптың «Галерея» бөлімінде орналасқан.
-- Біз оқушыларымыздың кезекті жетістіктеріне қуаныштымыз. Балалардың әрқайсысы дарынды, мектептің шығармашылық өмірінің белсенді қатысушысы, - деп атап өтті директордың орынбасары Масленникова Инна Владиславовна.