
«Жас қанат» жасөспірімдер үйінің үш тәрбиеленушісі, «Самрұқ umiti» жобасының қатысушылары, Астана қаласында өткен «SAMRUK-KAZYNA TRUST» Корпоративтік қорының 2025 жылдағы қызметінің қорытындылары аясында ұйымдастырылған «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» атты желтоқсан форумына қатысты.
Форум бағдарламасы екі тақырыптық бөлімнен тұрды: алғашқысы — инклюзия мәселелеріне арналған TED Talks форматында, екіншісі — «Кәсіптік бағдар беру арқылы болашаққа инвестиция салу» тақырыбында өтті.
Пленарлық отырыстан кейін тәрбиеленушілер үшін мәдени-демалыс бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар мұражайларға барып, океанариумды тамашалады, кинотеатрда «Аватар» фильмін көрді, сондай-ақ түнгі Астана қаласына серуен жасады.
Мұндай бастамалар тәрбиеленушілердің кәсіби көзқарасын кеңейтуге, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және олардың қазақстандық қоғамға тиімді бейімделуіне ықпал етеді.