
Оның негізгі буындары – оқу-тәрбие үдерісінің дамуына және сапасын арттыруға ықпал ететін Қамқоршылық кеңесі (төрайымы – Оксана Хлущевская) және отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған «Адал азамат» бағдарламасы аясында жұмыс істейтін Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы.
Маңызды рөл атқаратын «Даналық мектебі» клубы ұлттық дәстүрлерді «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Жеңге кеңесі», «Аға қамқорлығы» бағыттары арқылы насихаттайды. Сонымен бірге жүйелі түрде өткізілетін ата-аналар жиналыстары мектеп пен отбасы арасындағы әріптестікті күшейтеді. Жалпы жұмыстың басты мақсаты – білім мен тәрбиенің сапасын арттыру.