Павлодарская школьница Лейла Цечоева заняла второе место в республиканском вокальном конкурсе «Бала дауысы»

Павлодарская школьница Лейла Цечоева заняла второе место в республиканском вокальном конкурсе «Бала дауысы»

Павлодарлық оқушы Лейла Цечоева республикалық «Бала дауысы» вокалдық байқауында екінші орын алды. Бұл еліміздегі балалар арасындағы ең ауқымды музыкалық жоба. Байқаудың финалында біздің талантты жерлесіміз Абдрахман Асылбек пен Иван Бреусовтың «Сенемін саған» атты авторлық әнін орындады.
Лейла сайыстың 4 135 қатысушысының арасынан мінсіз дауысымен және харизмасымен ерекшеленді. 2016 жылдан бастап "Жұлдыз жарығы" үлгілі ән театрында, жеке, дуэтте және топта өнер көрсетеді. Республикалық, облыстық, қалалық іс-шараларға, қайырымдылық концерттерге белсенді қатысады.
Лейлада әдемі, таза дауысы, табиғи таланты және музыкалық қабілеті бар. Ол -- эстрадалық вокал санатындағы "Ашық әлем" халықаралық көпсалалы онлайн-байқауының жеңімпазы. Ән айту -- Лейла үшін сүйікті іс. Сонымен қатар жас дарын волейболды жақсы көреді және ағылшын тілін үйренуде. Сондай-ақ, оқушы түрлі деңгейдегі пәндік зияткерлік олимпиадаларға, шығармашылық жобаларға, ғылыми байқауларға қатысады.