Павлодарлық ұстаз «Үздік ұстаз – 2020» медалінің иегері атанды

Павлодарлық ұстаз «Үздік ұстаз – 2020» медалінің иегері атанды

Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Мақпал Бөкішева Республикалық педагогикалық қоғамдастықтың «Ұстаз білім шырағы» - «Педагогика саласының үздігі» медалімен марапатталды. Педагог «Үздік ұстаз – 2020» республикалық байқауы аясында медальмен және дипломмен марапатталды.
Байқаудың мақсаты: білім беру қызметкерлерінің қауымдастығын ынталандыру, олардың өз мамандығына деген сүйіспеншіліктерінің өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру саласындағы үздік мамандарды анықтау.