Облыстық «Мұқағали Мақатаев оқуларының» қорытындысы

Облыстық «Мұқағали Мақатаев оқуларының» қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 19 қарашада №7 мектебінде 7-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «М. Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.

Шараға 3 қала, 7 ауданның жалпы білім беру ұйымдары мен 7 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 34 оқушы қатысты.

Сайыс үш бағыт бойынша жүргізілді: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» атты бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды; «Жыр эстафетасында» қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай – Атырау» поэмаларын мәнерлеп, жатқа оқыды; «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» бағытында жас ақындар өз туындыларымен таныстырды.  

Оқулар қорытындысы бойынша 16 оқушы жүлделі болды, оның ішінде І орын – 3, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 8.

«Айтып өткен ақында арман бар ма?»  атты ақын өлендерін жатқа оқу бағытында  І дәрежелі дипломмен –  Ақсу қ. Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы Сетерғазыұлы Ақтілек (мұғалімі Құрманбек Юра); ІІ дәрежелі дипломмен – Дарынды балаларға арналған №8 лицей –мектебінің 8-сынып оқушысы Таниева Нурай (мұғалімі Тусупбаева Г. Б.); ІІІ дәрежелі дипломмен –  Павлодар қ. № 25 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Сагиева Зере (мұғалімі Адалбулова З. Б.), Аққулы ауданы Тлектес ЖОББМ 8-сынып оқушысы Жумажанова Лаура (мұғалімі Жанакова А.К.) марапатталды.

«Жыр эстафетасы» атты поэмаларын жатқа оқу бағытында І дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. №11 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Касымханов Алихан (мұғалімі Сулейменова Х. Б.); ІІ дәрежелі дипломға – Павлодар ауданы Мичурин ЖОББМ 11-сынып оқушысы Болатбай Хайша (мұғалімі Жиеналина М. Т.), Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей- интернатының 10-сынып оқушысы Кабышева Саида (мұғалімі Қуатбек Н. О.); ІІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. № 7 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Нурмурат Сара (мұғалімі Мундуинова А. Е.), Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия- интернатының7-сынып оқушысы Қажыақын Қайсар (мұғалімі Касыбаева М. Б.) ие болды.

«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» атты жас ақындар бағытында І дәрежелі дипломмен –  Ақсу қ. Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт (мұғалімі Кожанова Н. А.) ; ІІ дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Кусаинов Айбек (мұғалімі Зылгарин Н. М.), «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп- лицейінің 10-сынып оқушысы Медіғат Кәусар (мұғалімі Шаймерденова А.Т.);  ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. М. Әлімбаев атындағы ЖОББМ мектебінің 9-сынып оқушысы Шорман Ержігіт (мұғалімі Мектепхан Сыдых), Екібастұз қ. №21 ЖОББМ 8-сынып оқушысы  Бахытбег Айару (мұғалімі Касаева Н.Е.), Баянауыл ауданы Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы  Әбдікен Архат (мұғалімі Сексенбаева Ж. Т.), Май ауданы Саты негізгі орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Думан Акбар (мұғалімі Телеухан Гүлден) марапатталды.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары 2026 жылдың маусым айында ақынның туған жері - Алматы облысында өтетін қорытынды республикалық кезеңге қатысу құқығына ие болды.