
Павлодар қаласының Ж. Тәшенев жалпы орта білім беру мектебінде 2025 жылғы 14 қарашада 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Облыстық кезеңге зерттеу жұмыстарымен айналысатын 478 қатысушы өз жұмыстарын ұсынды.
Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Зерттеу жобалары 12 секция бойынша қорғалды: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі», «Математика, қолданбалы математика», «Физика, космос», «Туризм және спорт», «Тарих, өлкетану», «Этномәдениеттану», «Химия, биология», «Медицина, психология, экология», «Информатика, робототехника, STEM инженерия», «Технология және өнер».
Конкурстың қорытындысы бойынша 333 қатысушылар жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орын иегерлері – 31, ІІ-ші орын – 103, оқушы ІІІ-ші орын - 199. Құрмет грамотасына 49 оқушы ие болды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Облыстық кезең жеңімпаздары «Зерде» республикалық конкурсқа жолдама алды.