Павлодар облысының компьютерлік паркінде 21 мыңнан астам құрылғы бар

Павлодар облысының компьютерлік паркінде 21 мыңнан астам құрылғы бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты компьютерлік техникамен қамтамасыз ету туралы айтып берді.

-- Біздің өңір еліміздегі мектептердің ең қуатты компьютерлік базасына ие. Бүгінгі таңда 21 мыңнан астам құрылғы бар. Ағымдағы жылы 6300-ден астам техника сатып алынды. Олар білім беру ұйымдарының балансына берілді және мұқтаж отбасыларға уақытша пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 13 мыңнан астам ноутбук пен планшетті жеткізу жоспарлануда, - деді Дінислам Болатханұлы.

Спикер демеушілік қаражат есебінен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 52 роутер сатып алынғанын және «Білім» жеңілдікті тарифтік жоспары бар 515 сим-карта берілгенін атап өтті.
-- Облыстың барлық 356 мектебі кең жолақты интернет желісіне қосылған. 33 ауылдық мектепте интернет жылдамдығы 4-6 Мбит/сек аспады. Ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде 23 мектепте интернет жылдамдығын 8-12 Мбит/сек дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қалған 10 мектепте жылдамдықты арттыру техникалық себептер бойынша мүмкін емес. Бұл ретте бұл мектептер штаттық режимде жұмыс істейді, - деп хабарлады Дінислам Болатханұлы.

Басқарма басшысы өңірде оқу үзіліссіз жалғасып жатқанын атап өтті. 184 ауылдық шағын жинақты мектептерде он мыңнан астам оқушы сабаққа қатысады. Облыстың 172 мектебінде сабақтар онлайн өтеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін 2451 кезекші сынып ашылды.
-- Балалардың денсаулық жағдайы ерекше бақылауда, - деп атап өтті өңірдің бас педагогы. -- Бүгінгі таңда облыста оқушылар арасында коронавирус ауруының 14 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 бала қашықтықтан, 5-штаттық режимде, 5-кезекші сыныптарда оқыды. 14 баланың 12-сі сауығып, 2-уі емделуде. Сондай-ақ мұғалімдер арасында аурудың төрт фактісі анықталды.