Өз өлкесі тарихының білгірлері

Өз өлкесі тарихының білгірлері

Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында 2020 жылғы 20 қазан күні «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІI республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді.
Конкурска облыстық мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінен 80 оқушы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын - 52, орыс тілінде - 28.
Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді. І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырылды. ІІ тур – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» (эссе жазу).
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен – Аққулы ауданы, Малыбай ЖОББМ 9 сынып оқушысы Рашит Адема; ІІ дәрежелі дипломымен - Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Кожабергенов Думан, облыстық көп салалы лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Жетпіс Дияс және Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Туленов Нурмухамед; ІІІ дәрежелі дипломымен - Май ауданы Малайсары ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жумагазинова Анель, Ертіс №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Ибраимова Аиша және №1 Железин ЖОББМ 10 оқушысы Митител Анастасия марапатталды.
«Кішкентай Отанымның символы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен - Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Ералиева Рауан; ІІ дәрежелі дипломымен - Аксу қ. Үштерек ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жексенбай Назерке, мамандандырылған №1 лицей-мектебінің Екібастұз қ. 10 сынып оқушысы Линник Дарья және №2 Железин ЖОББМ 9 сынып оқушысы Кусаинова Дарина; ІІІ дәрежелі дипломымен - Абай атындағы № 10 гимназиясының 9 сынып оқушысы Дабылхан Әлішер, Екібастұз қ. №25 гимназиясының 10 сынып оқушысы Сатпекова Кымбат, Екібастұз қ. облыстық көп салалы көп тілді лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Сайлау Бекжан және №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Есимова Жайна марапатталды .
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен – Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОБМ 9 сынып оқушысы Крашенниников Данил; ІІ дәрежелі дипломымен - №2 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Руденко Егор және Аққулы ауданы, Қазы ЖОББМ 9 сынып оқушысы Кабдулхамит Құрмет; ІІІ дәрежелі дипломымен - Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Куспекова Амина, Май ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жаскайратова Адель, облыстық көп салалы лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Сатекова Бакытжан және Екібастұз қ. №11 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жеңіс Камила.
«Менің туған өлкем» (эссе жазу) номинация бойынша І дәрежелі дипломымен – Тереңкөл ауданы, Елгин атындағы №1 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Князева Софья ; ІІ дәрежелі дипломымен - Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 сынып оқушысы Мұрат Мадина, мамандандырылған №1 лицей-мектебінің Екібастұз қ. 10 сынып оқушысы Язовских Авиталь; ІІІ дәрежелі дипломымен – Павлодар қ. № 37 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жүкей Аружан, "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Қабылбек Арай, Аққулы ауданы Қазы ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қабыл Санжана, №3 Железин ЖОББМ 10 сынып оқушысы Серикбай Диляра және Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Жәнібек Жансая марапатталды. Жеңімпаздар облыс атынан ағымдағы жылдың 3-5 қараша күндері республикалық кезеңге қатысады.