
«Жігер» орталығының «ДОС» бөлімінің тәрбиеленушілері, «Грация» спорт студиясының биші қыздары Астанада өткен «IBDS SOLO WORLD ALL AGE CHAMPIONSHIP — International Ballroom Dancing Society» халықаралық турниріне қатысты. Шевчук Павел Павловичтің жетекшілігімен жас бишілер жоғары дайындық деңгейін, артистік шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
• Сағынғали Адемa — 1 және 2 орын (№17 орта мектеп)
• Мұхаметжанова Анара — 1 және 2 орын (А. Бөкейхан атындағы мектеп)
• Қабиева Ясмин — 1 және 2 орын (№5 орта мектеп)
Қатысушылардың өнер көрсетуі олардың жоғары деңгейдегі шеберлігін, тәртіптілігін және кәсіби дайындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.