Ағымдағы жылдың 3-25 қазан аралығында Халықаралық мектеп спорт федерациясының қолдауымен онлайн-шахматтан Әлем Чемпионаты өтуде.
Жарысқа 120 мемлекеттің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысады.
Павлодар облысының құрамасы біліктілік турнирін өткізіп, әлем чемпионатының финалына шықты. Біздің шахматшыларымызға сәттілік тілейміз: Балмағамбетов Тимур (Павлодар қ. №1 ЖОМ); Мирманов Жәнібек (Екібастұз қ. №22 мектеп гимназиясы); Шакенова Индира (Екібастұз қ. №1 мл); Асқарова Аружан (Павлодар қ. №3 гимназия); Тулегенова Диляра (Екібастұз қ. №1 мл). Ақтық ойын қыздарда 17 қазанда, ұлдарда-2020 жылдың 18 қазанында өтеді. Балалар, сіздер жарайсыздар! Финалда сәттілік тілейміз!