Павлодарлық оқушы «Үздік жас ғалым-2020» медалімен марапатталды

Павлодарлық оқушы  «Үздік жас ғалым-2020» медалімен марапатталды

«Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырған «Дарынды балалар челленджі» жобасының қатысушысы, «Білім-ИННОВАЦИЯ» дарынды қыз балаларға арналған лиицея-интернатының 8-сынып оқушысы Жәмила Ахметова І дәрежелі дипломмен және «Үздік жас ғалым-2020» төсбелгісімен марапатталды.
Челлендж жобасы аясында Достастық елдерінің оқушылары ғылым саласындағы өз жетістіктерін ұсынды. Жәмилә Ахметованың жеңістері арасында: Certificate "Super Reader" («Үздік оқырман»), Нью-Йорк, АҚШ; ағылшын тілі бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің ІІІ дәрежелі дипломы, республикалық зияткерлік байқаудың «Iron mind"» медалі, ағылшын тілі бойынша «Қазақстан Білім олимпиадасы» медалі және басқалары бар.