Павлодарлық және екібастұздық мұғалімдерді Абай және әл-Фараби туралы жұмыстары үшін марапаттады

Павлодарлық және екібастұздық мұғалімдерді Абай және әл-Фараби туралы жұмыстары үшін марапаттады

Педагогтардың жобалары «Ұлы даланың ұлы тұлғаларының мәдени мұрасы» атты аймақтық онлайн-конференцияда ұсынылды. Қатысушылар ұлы ойшылдардың мәдени игілігін қазіргі тарихи-мәдени, философиялық және әдеби үдерістер контекстінде зерттеді.
Қазылар алқасы жүзден астам жұмысты қарады. Облыстық онлайн-конференцияда Абай атындағы Павлодар гимназиясы Салтанат Шабажанова мен Светлана Рүстемованың, №13 ЖОМ Светлана Бойченконың, №28 ЖОМ Ольга Сапонованың, Абай атындағы Шарбақты ЖОМ директоры Нумира Жакупованың, №16 Екібастұз ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Ольга Гейннің зерттеулері үздік деп танылды.

Финалистердің жобалары аймақтың мектептеріне жіберілетін жинаққа кіреді және мұғалімдер оларды сабақта қолдана алады.