Колледж оқушылары арасында баскетболдан облыстық турнир қорытындысы

Колледж оқушылары арасында баскетболдан облыстық турнир қорытындысы

Павлодар облысы білім беру басқармасының өңірлік оқу-практикалық дене шынықтыру орталығы Павлодар облысы колледждерінің оқушылары арасында баскетболдан онлайн-турнир ұйымдастырды. Жарыс бағдарламасына 3 тест тапсырмасы кірді: – үш ұпайлық сызықтан допты лақтыру, еркін лақтыру және доппен өтуді орындау.
83 студент-56 ұл және 27 қыз қатысты. Жасөспірімдер арасындағы турнир қорытындысы:
І орын-Сарычев Никита, Павлодар педагогикалық жоғары колледжі;
ІІ орын-Көшербай Жанат, Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі;
ІІІ орын-Шоқан Ілияс, ПМУ колледжі.
Қыздар арасындағы турнир қорытындысы:
І орын-Федорчук Оксана, Ертіс аграрлық-техникалық колледжі;
ІІ орын-Соколова Арина, жоғары электроника және коммуникациялар колледжі;
ІІІ орын-Гончарева Валерия, сервис және тамақтану колледжі;
ІІІ орын-Бейсембек Ардақ, жоғары электроника және коммуникациялар колледжі.

Облыстық онлайн турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының грамоталарымен және медальдарымен марапатталады.