
Достық үйінде Республика күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Отбасы – тәрбие іргетасы» облыстық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Жобаның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, этностар арасындағы достық пен өзара құрметті арттыру.
Фестивальдің финалында №7, 11, 14, 27, 32, 36, 39, 40 мектептерінің және Павлодар сервис және тамақтану колледжінің шығармашылық дуэттері этномәдени бірлестіктермен бірлесіп өнер көрсетті. Іс-шараға білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тимур Сейткажиевич Нуркешов қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Бас жүлдені №36 орта мектеп иеленсе, бірінші орынды №14 орта мектеп, екінші орынды №40 орта мектеп, үшінші орынды №11 орта мектеп жеңіп алды. Фестиваль екі жылдық жобаның жарқын қорытындысы әрі бірлік пен мәдениеттің мерекесіне айналды.