
Республика күніне орай туған елдің тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар Республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңі 2025 жылдың 22 қазанында №35 жалпы орта білім беру мектебінің негізінде өткізілді.
Конкурсқа облыстық мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінен 79 оқушы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын -52, орыс тілінде - 27.
Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді. І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырылды. ІІ тур – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы», «Менің өлкемнің символдары», «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары», «Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы».
«Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жарылгасимов Санжар; ІІ дәрежелі дипломымен Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Назымбек Али; Аққулы аулының жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жұмабай Аружан; ІІІ дәрежелі дипломымен Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Мокина Дарья; Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Мирова Замира; Ертіс ауданы Ұзынсу жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Хазаева Сацита; Павлодар ауданы Мичурин жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Асылова Сайера; Шарбақты ауданы А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Радат Алмаз марапатталды.
«Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинация бойынша І дәрежелі дипломына Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Гришин Артём; ІІ дәрежелі дипломына Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Билялова Дильназ; Ақтоғай адуны Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жүкен Абдуррахман; ІІІ дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Рогачевская Софья; «Жас Дарын» мамандандырылған лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Арманқызы Томирис; Екібастұз қаласы №26 гимназия-мектебінің 10 сынып оқушысы Мұхтар Аяла ие болды.
«Менің өлкемнің символдары» номинация бойынша І дәрежелі дипломын дарынды балаларға арналған №3 гиманзиясының 9 сынып оқушысы Оразбай Мөлдір; ІІ дәрежелі дипломын Екібастұз қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім Инновация» облыстық лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Нығметжан Ерасыл; Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Етекбаева Адия; ІІІ дәрежелі дипломын Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Егинбаева Дарига; Баянауыл ауданы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Жансұлтан Ақниет; Павлодар қаласы № 43 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Горр Александра; Ертіс ауданы №3 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Бейсембинова Камила иеленді.
«Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен Екібастұз қаласының №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 сынып оқушысы Қанат Кәусар; ІІ дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Дитц Ратмир; Май жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Серікқали Айнара; ІІІ дәрежелі дипломымен Павлодар қаласы № 11 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Кочергина Дарья; Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Устаева Адия; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Амангелді Томирис; Шарбақты ауданы Хмельницкий жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Самойленко Анна марапатталды.
Жеңімпаздар облыс атынан республикалық кезеңге қатысады.