
Павлодар қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған жаңа оқу орнында оқушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Бұл мектептің білім алушылары заманауи жабдықталған кабинеттерде оқып, цифрлық зертханада түрлі ғылыми тәжірибелер жүргізу мүмкіндігіне ие.
Қазіргі уақытта №48 мектептің оқушылары зертханада өз тәжірибелерін жасап, ғылыми жобаларын ұсынуда. Мектептің жас зерттеушілерінің бірі гүлді күтіп-баптау тәсілін көрсетіп, өсімдіктерге күтім жасаудың маңыздылығын түсіндірді.