«Комикстердегі Павлодар тарихы» көрмесі

«Комикстердегі Павлодар тарихы» көрмесі

Қала күніне орай Ертіс жағалауында «Комикстердегі Павлодар тарихы» көрмесі өтті.

Бұл көрме «Қаланың тарихы комикстерде» жобасының қорытынды кезеңі болды. Жоба аясында мектеп оқушылары бірнеше ай бойы туған өлкенің тарихын зерттеп, оқиғалар желісін құрып, өздерінің суреттерін салды.

Қаланың тарихын зерделеу, шығармашылық жұмыс және қалалық байқауға қатысуды біріктірген жоба ашық аспан астындағы жарқын көрмемен аяқталды. Көрмеге қойылған комикстер — Павлодарға деген жасөспірімдердің сүйіспеншілігі мен мақтанышын бейнелейтін ерекше графикалық туындылар.