Жасыбай көлінде – қуаныш пен естеліктерге толы күн

Жасыбай көлінде – қуаныш пен естеліктерге толы күн

 2025 жылғы 8 шілде күні «Жас Өркен» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері Жасыбай көлінің көркем жағалауында есте қаларлық демалыс күнін өткізді. Бұл сапар әлеуметтік серіктестік аясында «Ангренсор Энерго» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шара жасөспірімдердің дене және психоэмоционалды саулығын нығайтуға, ұжымдық рухты қалыптастыруға және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі болды. Тәрбиеленушілер катамарандар мен қайықтарға мініп, суға шомылып, таза ауада қозғалыс ойындарын ойнап, туған өлкенің табиғатына сүйсінді.

Сапар барысында судағы қауіпсіздік ережелері мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетіне ерекше назар аударылды.

Жасөспірімдер үйінің әкімшілігі «Ангренсор Энерго» ЖШС басшылығына,  балаларға көрсеткен қамқорлығы мен шынайы ықыласы үшін алғыс білдіреді.

Мұндай іс-шаралар тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіп, оң эмоционалды көңіл күйді нығайтады және олардың жадында мәңгі сақталатын жарқын әсерлер сыйлайды.