2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің жаңашыл оқытушыларын қолдау мақсатында, өзіндік идеялар мен тәжірибесімен бөлісу мақсатында халықаралық SCAFFOLD байқауы өтті.
Байқауға Орталық Азия елдерінен жалпы саны 80-нен аса педагогтер қатысты. Олар SCAFFORLD құралының білім беру үдерісінде оқушылардың белсенділігіне қаншалықты оң ықпал ететінін және оқу нәтижесінің сапасын көтерудің бір бағыты бола алатынын дәлелдеді. Байқау қорытындысы бойынша білім беру тәжірибесі ең жаңашыл және нәтижелі деп танылған 10 жеңімпаз анықталды.
«Кәсіптік білім және оқыту (КБО)» номинациясы бойынша жеңімпаздар арасында:
- «Жеке жеңімпаздар» - Мешитбаева Г.А., арнайы пәндер оқытушысы;
- «Жеңімпаздар командасы» - Алдабергенова А.Б., биология пәнінің оқытушысы; Согумбаева А.Б., информатика пәнінің оқытушысы, Тулкина Б.М., информатика пәнінің оқытушысы.
Сондай-ақ байқау қорытындысы бойынша 24 қатысушы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды:
Жеке өтініште – Ясная В.В., ағылшын тілі оқытушысы; Хасенова А.Х., физика пәнінің оқытушысы.
Командалық өтінімге шет тілі оқытушылары Аипова А.К., Абишева А.В.
Барлық танымал болған практиктер, жеңімпаздар, ерекше атап өтілген қатысушылар онлайн базасына кіргізіледі. Бұл база Орталық Азия педагогтері арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатын көздейтін қолжетімді әрі ыңғайлы платформа болмақ.