Дарынды оқушыларды ынталандыру және қолдау мақсатында Балаларды Қорғау күнін мерекелеу аясында, «Алтын Сақа» инновациялық шығармашылық орталығында Павлодар облысы әкімінің республикалық және халықаралық олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, беделді конкурстарының лауреаттары, ғылыми және шығармашылық жетістіктерінің иегерлері, жас спортшыларымен кездесуі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында өтті.
Жыл сайынғы дәстүрлі кездесуге 100 оқушы қатысты. Іс-шара барысында өңір басшысы балаларға еңбекқорлығы мен білімге ұмтылысы үшін алғыс білдіріп, алғыс хаттар мен 100 мың теңгеге атаулы сертификаттар табыс етті.