Үлкен үзіліске қатысқан үздік командаларды құрметтеу

Үлкен үзіліске қатысқан үздік командаларды құрметтеу

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы  оқу жылы ішінде «We love sports», «А вот и мы. Давайте познакомимься», «Менің арманымдағы мектеп», «Favorite book», «Школьная пора», «Твори и дари добро», «Best class» жобаларын іске асыру бойынша жұмыстың қорытындысын шығарды.

- Жобаны іске асырудың барысында құрамында 7-8 сыныптардың 813 оқушысы бар 36 команда болды. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 5 команда шығып отырды. Жобаның финалистері 244 оқушыдан тұратын 10 команда болды, - дейді орталық ұйымдастырушылары.

Жобаның қорытындысы бойынша финалист командаларға құрмет көрсетілді. Мәселен, бас жүлде мен ауыспалы жоба кубогын, Баянауыл ұлттық паркіне бір күндік турдың жолдамасын 8-сыныптың 23 оқушысынан тұратын К. Мақпалеев атындағы ЖОМ командасы жеңіп алды.

- Жобаға қатысу қызықты болды, бізге ұнады. Жоба барысында бізге қолдау көрсетіп, көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз,-дейді бас жүлде иегерлері.

I орынды № 25 ЖОМ 8 сынып оқушылары, ІІ орынды № 26 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, 8 сынып оқушылары, № 40 ЖОМ, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің 7 сынып оқушылары, № 7 ЖОМ, М. Әуезов атындағы ЖОМ 8 сынып оқушылары, С. Торайғыров, Ә. Бөкейхан атындағы мектептердің 7 сынып оқушылары ІІІ орынды иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған командалар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің түрлі деңгейдегі дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.