Павлодар қаласы мектептері оқушыларының жазғы демалысын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру

Павлодар қаласы мектептері оқушыларының жазғы демалысын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру

«Балаларға - жарқын жаз - 2025» науқаны аясында Павлодар қаласының мектептерінде мектеп жанындағы және бейінді лагерлерді дайындау, сондай-ақ жасөспірімдердің еңбекпен уақытша қамтылу бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жазғы демалыс пен еңбекпен қамту 1 - 10 сынып оқушыларының шамамен 49 мыңын қамтуы жоспарланып отыр.

Қаладағы 33 мектепте күндізгі бөліммен екі маусымға, әрқайсысы 15 күнге созылатын мектеп жанындағы лагерлер ашылады. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, 10 мектепте - К. Макпалееватындағы, № 6, 17, 21, 24, 27, 29, 31, А. Байтұрсынұлыатындағы, М. Әуезов атындағы мектептерде 5 мыңнан астам оқушы сыртқы мектептен тыс мекемелерде қамтылады. Алғашқы буын оқушыларының жалпы санының 76 пайызын құрайтын 15000-нан астам бала қамтылуы жоспарлануда. Барлық қатысушылар үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға ерекше назар аударылады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға (100%) және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға (50%) жолдамалар беріледі. Мұндай балалардың жалпы саны 2 992 оқушыны құрайды.

Мектеп жанындағы лагерлердің қызметі бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады. Мәдениет және спорт мекемелерімен, мектептен тыс ұйымдармен, кинотеатрлармен, мұражайлармен, драма театрларымен, жүзу бассейндерімен белсенді өзара іс-қимыл жоспарланған – олардың жұмыс істеу режиміне байланысты.

Киіз үй тігіндегі лагерлер Әлімбаев атындағы, № 24, 35 мектептерде ұйымдастырылады, қамтылатын оқушылар саны - 490 адам. Киіз үй тігіндегі лагерлер этномәдени құрамдас бөлікке қызығушылықты көрсетіп, 8,9%-ға орташа өсім байқалды.

40-мектепте 100 оқушыға арналған палатка тігіндегі лагерь орнату жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда палатка тігіндегі лагерлерге баруды жоспарлап отырған балалар саны 2 есеге өсті. Бұл патриоттық және экологиялық бастамаларды қолдау көрсететінін білдіруі мүмкін.

Бейінді лагерьлер жазғы науқанның ең қарқынды дамып келе жатқан бағыты болып қала береді, ол жасөспірімдердің интеллектуалдық, шығармашылық және тұлғалық дамуына бағытталған. 2025 жылы 5 - 10 сынып оқушыларының 27982-ден астамы қамтылуы жоспарлануда. Бағдарламалар 20-дан астам тақырыптық бағыттар бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде тілдік, туристік-өлкетану, экологиялық, спорттық, көркем-эстетикалық, әскери-патриоттық және басқа да бағыттар бар. Оқушылар арасында ең танымал бағыттар – тілдік, спорттық, экологиялық, математикалық және ғылыми-техникалық бағыттар (балалардың 10 пайызынан астамы).

2025 жылғы жазғы сауықтыру науқаны аясында Павлодар қаласының мектептерінде 14 жастан 16 жасқа дейінгі оқушыларды уақытша еңбекпен қамту жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылған. Жалпы қамтылатын оқушылар саны 4 575 адамды құрайды, оның ішінде 582 оқушы (яғни 12,2 пайызы) жергілікті бюджет қаражаты есебінен еңбекпен қамтылатын болады, ал 3 993 жасөспірім (яғни 87,8 пайызы) бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен жұмыспен қамтылатын болады.

Басты басымдық әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай-ақ мектепішілік бақылау тізімінде тұрған оқушыларға, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі органдарда есепте тұрған жасөспірімдерге және әлеуметтік тәуекел тобындағы балаларға беріледі.

Қосымша білім беру ұйымдарының жобалары.

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы - ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар (садақ ату, асық ату, қазақша күрес, арқан тарту және тағы басқа), халықтық ойындар, елдің әйгілі тұлғаларына арналған фестиваль, «Ұлы дала баласы» жобасы аясындағы театрландырылған қойылымдар, кинолекторий, кино кеші, Рубик кубигін жылдам құрастыру бойынша турнир, сувенирлік киіз үй жасаудан фестиваль-байқау өткізу жоспарланған.

Ұлттық жаңғыру мектебі - «Ертіс өңірі этностарының фольклоры» жобасы аясында «Жүректен жүрекке» фестивалі өткізіледі, «Менің түп-тамырым» жобасы - өз әулет шежіресін және отбасы тарихын зерттеу жұмыстары жүргізіледі, ұлттық рәміздерге қатысты зерттеу жобасы іске асырылады. Ұлттық қолөнер мен аспаздыққа арналған тақырыптық мәдени іс-шаралар, жәрмеңке, көрме, шеберлік сабақтарын ұйымдастыру жоспарланған.

Балалар музыка мектебі - музыкалық ортада импровизациялық баттлдар өткізу, музыка жасауға арналған жоба, микроаудандар тұрғындары үшін ашық аспан астында өтетін «OPEN AIR» концерттері жобасын жүзеге асыру жалғасады.

Балалар көркемсурет мектебі - 1 маусымға орай «Менің бақытты балалық шағым» атты сурет көрмесін ұйымдастыру, белгілі тұлғалардың мерейтой күндеріне арналған «Шебер-лайф» жобасы аясында шеберлік сабақтарын өткізу, қалдық материалдардан жасалған бас киімдерге арналған «Эколайф» байқауын ұйымдастыру, сандық өнер бойынша шеберлік сабақтарын өткізу, балалар мен ата-аналар қатысатын, белгіленген тақырыпқа сәйкес шектеулі уақыт ішінде сурет салу сайыстарын ұйымдастыру.

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы – «Таза Қазақстан», «TAZALIKE» жобалары аясында мектеп аумақтарын абаттандыру бойынша іс-шаралар, «REUSE: қажетсіз заттарға екінші өмір» шеберлік сабақтары, «Зерде» жобалық мектебі, жобалық-зерттеу, тәжірибелік жұмыстар, экологиялық акциялар мен іс-шаралар өткізу жоспарланған, «Экологиялық блог» жобасы аясында экологиялық тақырыптарға арналған парақшалар жасау көзделген.

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы - «Заң» жобасы аясында футболдан турнир ұйымдастырылады, «Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебі өз жұмысын жалғастырады, «Жазғы қауіпсіздік білгірлері» іс-шаралары шеңберінде зияткерлік ойындар және мерейтой күндеріне арналған іс-шаралар өткізужоспарланған.

Балалар техникалық мектебі - «Шеберлер CITY» жобасы аясында құрылғылар мен механизмдер жасау бойынша техникалық жобалар әзірлеу, сондай-ақ «Хакатон» байқауын өткізу жоспарланған, «Инженерлік басқатырғыштар» атты техника мен технология тақырыбындағы логикалық тапсырмалар бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

Оқу-өндірістік комбинат - кәсіптік бағыттағы жазғы мектеп келесі бағыттар бойынша жүргізіледі, ПРОмаркетинг, жас медик, ПРОбизнес, тігін шеберханасы, сұлулық студиясы, кәсіби бағдарлау.

«Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығы - жазғы кезеңге 1200 баланы қамтитын 8 ауысым өткізу жоспарланған (әр ауысымда 150 бала), 7 жоба жүзеге асырылады: «Оқуға құштарлық», аспазшылар мектебі «Жас аспаз», жасыл мектеп «Жасыл мекен», ұлтаралық мұраны сақтау мектебі «Бірлік», табыс мектебі «Өнегелі өмір», адамгершілік мектебі «Ар-ұят», салауатты өмір салтын ұстану мектебі «Менің салауатты өмір салтым».