«Бірлік» жекпе-жек сарайында үш күндік облыстық ашық чемпионатта муай-тайдан мықты жарыс басталды. Рингке үш жас санаты бойынша 124 муайтайшы жиналды - 12 - 13 жас, 14 - 15, 18 жас және одан жоғары. Олардың қатарында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының 12 тәрбиеленушісі қатысты, олардың әр қадамы, әр соққысы жаттығулармен ұшталды.
Турнир қорытындысы бойынша облыстық қатысушылар 30 медаль иеленді, оның ішінде 12 медальді жігерліктер жеңіп алды.
6 алтын медаль иегерлері 12, 13 - 14 жас аралығындағы қатысушылар арасында 42, 43, 48, 51, 54, 63,5 килограмм салмақтағы жігерліктер атанды.
Күміс медальді 43, 56, 57 салмақта 60 келіге дейін 13, 15 жастағы 4 қатысушы жеңіп алды.
Қоланы 13, 15 жастағы 57 және 71 келіге дейінгі салмақта 2 қатысушы иеленді.
Жекпе-жекте үздік өнер көрсеткені үшін, 12 - 13 жас аралығындағы спортшылар арасында «Турнирдің үздік техникасы» номинациясы бойынша орталықтың қатысушысы танылды.
- Балалар бар ынталарымен жаттығады, сондықтан олардың әрқайсысы рингке дайындалған, шоғырланған, жеңіске деген қатты тілекпен шықты, - деп атап өтті олардың жаттықтырушысы, орталықтың педагогі Ракишев Жандос Сейткенович.
- Муай-тай тәртіпті, сыйластықты, төзімділікті үйретеді. Біздің қатысушылар бұған дәлел бола алады, - деп қосты орталықтың педагогі, жаттықтырушы Фатхутдинов Дамир Равильевич.
Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат базасында 2025 жылғы 21-24 сәуірде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы өтті.
Оқушылардың білімдерін тереңдету және жетілдіру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстанның әр өңірінен 179 оқушы қатысты.
Павлодар облысынан олимпиадаға облыстық кезеңінде І және ІІ орындарға ие болған жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептердің 9 оқушысы қатысты.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломын Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым (мұғалімі А.М.Асылбекова) иеленді.
IIІ дәрежелі дипломына «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Жұман Дана (мұғалімі А.М.Кабылова), «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Ағзап Аружан (мұғалімі С.А.Сыздыкова) және дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Жетпис Баян (мұғалімі М.М.Суюндикова) ие болды.
Құрмет грамотасымен Екібастұз қаласы № 25 гимназиясының 10 сынып оқушысы Амангельдинова Аяна (мұғалімі М.Д.Кобешова) марапатталды.
Қанипа Бітібаеваның түлектерінің атынан Екібастұз қаласы №25 гимназиясының 10 сынып оқушысы Амангельдинова Аяна және Екібастұз қаласы №26 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Жазубай Нұрдәулетке ақшалай сыйақы табысталды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы география пәні бойынша «Geo Star» ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысын шығарды. Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің 7 - 8 сыныптың 71 оқушысы қатысты. Павлодар қаласын М. Әлімбаев атындағы мектептің 8 сынып оқушылары Бейсенбай Адалхас және Шәкәрім Назерке (А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей), 7 сынып оқушылары Миринцов Климентий
(А. Байтұрсынов атындағы мектеп), Асанов Владимир және Тлеулесов Имран (№ 39 мектеп), олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары.
Олимпиадалық тапсырмалар географиялық және әлеуметтік маңызы бар, физикалық және қоғамдық географияға қатысты өзекті және қолданбалы географиялық білім мен дағдыларды талап ететін сұрақтардан тұрды.
Олимпиада қорытындысы бойынша қала мектептерінің төрт қатысушылары жүлделі орындарға ие болды. М. Әлімбаев атындағы мектептің оқушысы Бейсенбай Адалхас олимпиада жеңімпазы атанып, мамыр айында облыстық команданың құрамында республикалық олимпиадаға қатысады.
Миринцов Климентий, Асанов Владимир және Тлеулесов Имран ІІІ орынға ие болды.
Қазақстан тарихы және Құқық негіздері бойынша республикалық олимпиаданың бес күндік қорытынды кезеңіне Қазақстан өңірлерінің жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 9 - 11 сыныптың 185 оқушысы қатысты. Екі турдан тұратын олимпиада Қызылорда қаласында С.Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған № 9 «Білім-Инновация» лицей-интернатының базасында өтті, оны «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізді.
Павлодар облысынан құрамында 8 оқушы бар команда, олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, соның ішінде Құқық негіздері бойынша № 29 мектептің 10 сынып оқушысы Қазкенов Ілияс қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Ілияс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің алтын медалі мен І дәрежелі диплом иегері атанды.
Олимпиада қатысушыларына күрделі құқықтық міндеттерді шешу, нақты өмірде кездесетін жағдайларды талдау, заңнаманы білу және оны іс жүзінде қолдану қабілеттерін көрсету керек болды.
Ильяс Құқық негіздері, логикалық ойлау және аналитикалық қабілеттердің жоғары деңгейін көрсете отырып жеңіске жетті.
- Бұл жеңіске үш жылда жетті. Ильяс 8-ші сыныптан бастап олимпиадаға дайындалды. Үш жыл бойы ол олимпиаданың қалалық, облыстық кезеңдерінің жүлдегері болды. Өзінің табандылығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында ол өз мақсатына қол жеткізді, - дейді оның тарих мұғалімі Болат Дәулетұлы Сапанов.
Айта кету керек, Ілияс олимпиаданың дарынды және мақсатты қатысушысы ретінде өзін көрсетіп қана қоймай, «Алтын белгіге» үміткер болып табылады, барлық пәндер бойынша тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетеді, зияткерлік байқауларға белсенді қатысады және мектеп өміріне елеулі үлес қосады.
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жас педагогтердің «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты VII республикалық кезеңін өткізді.
Байқау үш кезеңнен тұрды - бірінші кезеңде педагогтер «Балдәурен» базасында 5-9 сыныптың оқушыларына ашық сабақтар өткізді, екінші кезеңде «Шығармашылық жолдың басталуы» тақырыбында өз презентацияларын ұсынды, үшінші кезеңде қазылар алқасы қатысушылардың «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбындағы эссені бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің III дәрежелі дипломының иегері М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің физика мұғалімі Нұрсұлтан Ахылбек болды.
- Балдәуренде өткізген 5 күн ішінде мен үлкен қуат, шабыт пен мотивация алдым. Мен болған атмосфера - бұл жай ғана білім беру алаңы емес, нағыз даму мектебі. Керемет ұйымдастырушылар, адал және шынайы ұстаздар, Көкшетау мен Бурабайдың табиғаты мен үшін ішкі күштің қайнар көзі болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды педагогтермен танысқаным үшін ерекше ризамын. Мен өз тәжірибемді жаңа идеялармен, сапалы жұмыстармен және жарқын эмоциялармен толықтырғаныма қуаныштымын. Бұл жеңіс мектеп ұжымының қолдауының нәтижесі, - дейді Нұрсұлтан Ақылбек.
Нұрсұлтан мектепте 3-ші жыл жұмыс істейді. Осы кезеңде оның ғылыми мақалалары халықаралық және республикалық басылымдарда жарияланды. Ол «IV халықаралық кітап басылымы», «ТМД елдерінің үздік жас ғалымдары – 2023» халықаралық жобаларының қатысушысы болып табылады, онда II дәрежелі дипломмен марапатталды. 2023 жылы жас мамандар арасында өткен «Ұстаз Аламаны» облыстық зияткерлік жобасының жеңімпазы атанды, «Жігіт сұлтаны – 2023» облыстық байқауында III орынды иеленді, 2024 жылы Солтүстік Қазақстан байқауының өңірлік кезеңінде II орынды иеленді. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жас педагогтер арасындағы қалалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы, жас мамандар арасындағы облыстық пікірсайыс турнирінде үздіктер қатарында «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» облыстық байқауында II орын алды.
Сондай-ақ, павлодарлық екі мұғалім ерекше номинациялармен марапатталды, оның ішінде № 41 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нияз Ерболұлы Ауталипов «Жаңашыл мұғалім» номинанты атанды.
Нияз Ерболұлы мектепте 3 жыл жұмыс істейді. Осы кезеңде «Талантты мұғалім - дарынды балаларға» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жеңімпаз атанды, екінші орын - облыстық кезеңде (2024 жыл), «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы, республикалық турдың «Замануи ұстаз» номинанты (2025 жыл). Ол құқық және тарих негіздері бойынша мектепішілік пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын, Дарын «Тарих ата» қашықтықтан өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен қатысушыларын, «Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциялардың Құрмет грамоталарының иегерлерін дайындады. Ол «Amanat» бастапқы ұйымның төрағасы болып табылады.
№ 7 ЖОМ базасында «Талантты мұғалім - дарынды балаларға» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты-шығармашылық әлеуетті дамыту, білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби шеберлікті қалыптастыру, оқу-тәрбие үдерісінде инновацияларды іздеуге және іске асыруға ынталандыру. Олимпиадаға 29 жас педагог қатысты, оның ішінде бір педагог-психолог, 5 тәлімгер, 23 пән мұғалімі бар.
Олимпиада қорытындысы бойынша II орынды Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Құндызбек Руслан Сағидоллаұлы иеленді.
III орынды № 2 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі Зейнеп Хаджимуратовна Кульманова, № 41 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Эльмира Жоламанқызы Егимбаева, № 46 ЖОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ерболат Гүлнара, № 39 ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Виталий Владимирович Игошин иеленді.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен қ Қ Мақпалеев атындағы ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кендиров Аслан Еркнжасұлы, № 2 ЖОМ тәлімгері Масалимова Адия Асаинқызы, № 6 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманжол Али Қуандықұлы, М. Әлімбаев атындағы ЖОМ тәлімгері Ахмолдина Алина Қайратбекқызы, № 35 ЖОМ педагог-психологі Қабыш Әлемгүл Нұрланқызы, М. Әуезов атындағы ЖОМ тәлімгері Шрейнер Виктория Олеговна, № 35 ЖОМ тәлімгері Жұматай Фатиха Амангелдіқызы марапатталды.
Лауреат сертификаттары № 18 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Резникова Камила Кенжебайқызына, № 40 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бусурманов Азат Арманұлына, Жетекші мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қайырбек Ұлжан Нұрланқызына табысталды.
Жүлдегерлер мен грамота иегерлері олимпиаданың облыстық турына қатысады.
Павлодар қаласының Ж. Ташенев атындағы мектеп базасында 2025 жылғы 16 сәуірде Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығын мерекелеу аясында «Жұмабек Тәшенев - дәуірдің көрнекті тұлғасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.Мақсаты-қазақ халқының қайсар ұлы Ж.Тәшеневтің өмірі мен қызметін, көрнекті жетістіктерін дәріптеу, педагогтер мен білім алушыларды классиктердің тарихы мен рухани мұрасына баулу.
Конференцияға жақын туыстары, облыс білім беру басқармасының, Астана қаласы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан мектептерінің, Ақмола облысы Астана қаласындағы Ж. Ташенев атындағы мектептің педагогтері, Павлодар қаласы мектептерінің басшылары, Ә. Марғұлан, Торайғыров атындағыуниверситеттің профессорлары, облыс педагогтері қатысты.
Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің 110 жылдығына арналған ұлы тұлғаның бедерлі мүсінін ашылды.Бедерлі мүсінін салтанатты түрде Жұмабек Тәшенев сынды ұлы тұлғаның келіні, Ташенева Фатима Садыковна мен ардагер ұстаз Бутаканов Асылбек Елтайұлыашты.
Жұмабек Тәшенев атындағы мұражайдың ашылу рәсімін Фатима Садыковна мен мектебіміздің «Алтын белгі» үміткері Жүкей Аружан өткізді.
Конференцияның пленарлық бөлімінде жақын туған-туысқандары,шақырылған қонақтар сөз сөйледі. Тәжірибиелік бөлімде Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылардың алпыстан астам ғылыми-зерттеу баяндамалары тыңдалды. Конференцияның жабылу салтанатында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Екібастұзда «Алтын жебе» клубының ашылуына орай дәстүрлі садақ атудан облыстық турнир өтті. Додаға облыстың 50 жас қатысушысы шықты, олардың әрқайсысы өз садақтарымен, мергендіктерімен жеңіске ұмтылды. Қатысушылар арасында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының «Дос» клубының 6 жас садақшылары болды, олар үшін қатысу тек спорттық сынақ емес, ата-бабамыздан келе жатқан нағыз батырларға, серілерге тән өнерді жалғастыру болды.
Турнирде орталығымыздың тәрбиеленушісі Омар Ибкар өз әсемдігімен қоса дала желіндей нысанаға дәл тигізіп, клубтың қоржынына қыздар арасында күміс медаль алып келді. Жастар арасында қола медальді Айдарғали Назар жеңіп алды, ол табандылық пен дәлдікті көрсете отырып, мақсатқа сенімді түрде жетті.
- Дәстүрлер турнирі жастар үшін жетекші жұлдызға айналды. Мен оқушыларымды мақтан тұтамын, олар лайықты өнер көрсетті, бұл жеңістер талант пен жаттығудың нәтижесі. Тәрбиеленушілерімнің жарқын болашақтарына сенемін, - деді ұстаздары Егінбай Амангелді.
Қатысушыларға арналған турнир мәдениет, мақтаныш және бірлік мерекесіне айналды.
«Birtutas tarbie» тәрбие бағдарламасы аясында Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі «Комикстердегі Павлодар тарихы» қалалық байқауын өткізді. № 40, 26, 46, 29, 6, 5, 14, 11, 24, 7, 33, 43, 25, 36, 39, 15, Ш. Шөкин атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, М. Жүсіп атындағы, А. Шамкенов атындағы, С. Торайғыров атындағы, Қ. Бекхожин, Р. Нұртазина атындағы, Жетекші, Кенжекөл, балалар көркемсурет мектептерінен 89 жұмыс ұсынылды.
- Қатысушыларға комикстерде Павлодар тарихы, қала өмірінен үзінділер, аймақтың дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы өз ойларын баяндау ұсынылды, - дейді көркемсурет мектебі басшысының орынбасары Инна Масленникова. - Балалар үш жас санатына бөлінді: 10 - 12 жас, 13 - 14 және 15 - 17 жас. Кіші топтағы балалар қолдарымен сурет салды, ал үлкен топтағы қатысушыларға сандық иллюстрациялар салу ұсынылды.
Қазылар алқасы «Ертіс Медиа-холдинг» ЖШС басшысы Руслан Тілектесұлы Биляловтың төрағалығымен жасы бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі 16 дипломант анықталды.
- Бұл тек иллюстрациялар туралы ғана емес, сонымен қатар қызықты әңгіме ойлап табу керек. Бұл 10 - 15 суретте оқиғаны мүмкіндігінше жеткізу қиын болды. «Классика» бойынша байқаулар жиі өткізіледі, бірақ комикстер бойынша - сирек кездесетін құбылыс. Сондықтан бәрі керемет, қатысушылар берілген тапсырманы жақсы орындады, - деді Руслан Билялов.
Қазылар алқасы Адель Кабылдина, Маргарита Илюхина, Мирослава Акимова, Мақсат Аманжол, Анна Бахматова, Лида Нечаеваның суреттері мен тарихын үздік деп таныды. Олардың «Отан тарихы», «Қаламыздың басты сағаттары», «Павлодардағы Зике мен Заканың шытырман оқиғасы», «ДЖД - дан BatyrMall», «Менің қалам-менің тарихым», «Қ.Сәтбаевтың өміріне шолу» жұмыстары болды.
Әлемдік опера жұлдызы Мария Мудряктың қалыптасуы туралы комикс ерекше назар аударды. Оның авторы - № 13 мектептен он үш жасар Айжан Самратова. Ол өз жұмысын «Мария Мудряк: құмсалғыштың данышпаны» деп атады. Опера дивасы өз парақшасында жас суретшіге алғысын білдірді.
Жүлделі орындарды «Ертіс арқылы темір жол көпірінің құрылысы» (№ 26 ЖОМ), «Машенка Мудряк: құмсалғыштан шыққан данышпан» акварель (№ 33 ЖОМ), «Аквапарк - павлодарлықтардың арманы», «Қаланың қысқаша тарихы» (көркемсурет мектебі), «М. Жүсіп атындағы мешіт» компьютерлік графика жұмыстары үшін ІІ дәрежелі дипломанттар иеленді (№ 36 ЖОМ).
«Тәуелсіздік арқасында жаңғарған жаңа есім» (№ 40 ЖОМ қатысушысы), «Павлодар жағалауларының құрылысы» (№ 7 ЖОМ), «С. Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам» (М. Жүсіп атындағы ЖОМ), «Строительство моста» (көркемсурет мектебі) жұмыстары үшін ІІІ дәрежелі дипломант атанды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жұмыс жоспарына сәйкес «Астана Дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды аңықтау және қолдау орталығы «Ecoforming» экология және білім беру қоры қоғамдық қорымен бірлесіп және «National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясының қолдауымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен «Geo Star» Ұлттық олимпиадасын 2025 жылғы 21 сәуір күні Павлодар қаласы М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – географиялық білімі мен дағдыларына, зерттеу белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылыгын арттыру.
Олимпиадаға облысымыздың 3 қала, 14 мамандандырылған мектеп, 10 аудандарынан 7 сынып – 32, 8 сынып – 39, жалпы 71 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдарына - 4, ІІ дәрежелі дипломдарына - 10, ІІІ дәрежелі дипломдарына - 17 оқушы ие болды.
Облыстық кезеңінің олимпиада жеңімпаздары 2025 жылғы 12-15 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін Ұлттық олимпиадасына жолдама алды.
Жеңімпаздар жүлдегерлер тізімі
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Сынып |
Аудан/қала/ мамандандырылған мектеп |
Мектеп |
Орны |
1 |
Утеуов Алим |
7 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия |
І |
2 |
Қыстаубайұлы Мұстафа |
7 |
Павлодар ауданы |
Заря жалпы орта білім беру мектебі |
І |
3 |
Мұрат Әмірхан |
7 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы |
ІІ |
4 |
Бисимбаев Назарали |
7 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі |
ІІ |
5 |
Яресько Станислав |
7 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі |
ІІ |
6 |
Батырхан Әлім |
7 |
мамандандырылған мектеп |
«Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі |
ІІ |
7 |
Сержанұлы Элимхан |
7 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты |
ІІІ |
8 |
Миринцов Климентий |
7 |
Павлодар қаласы |
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
9 |
Билялова Дамира |
7 |
Екібастұз қаласы |
№35 мектеп гимназиясы |
ІІІ |
10 |
Жұмабай Нұрасыл |
7 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты |
ІІІ |
11 |
Айханов Мирас |
7 |
Баянауыл ауданы |
Лекер ЖНББМ |
ІІІ |
12 |
Теміртай Ділшат |
7 |
Баянауыл ауданы |
Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
13 |
Асанов Владимир |
7 |
Павлодар қаласы |
№39 жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
14 |
Рау Милана |
7 |
Ертіс ауданы |
Панфилов жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
15 |
Дитц Ратмир |
8 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі |
І |
16 |
Бейсенбай Адалхас |
8 |
Павлодар қаласы |
Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі |
І |
17 |
Қаирмұрат Ақылжан |
8 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия |
ІІ |
18 |
Урсаева Аружан |
8 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі |
ІІ |
19 |
Мауль Илья |
8 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы |
ІІ |
20 |
Тусупов Адиль |
8 |
мамандандырылған мектеп |
«Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі |
ІІ |
21 |
Жакупов Ерсултан |
8 |
мамандандырылған мектеп |
Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты |
ІІ |
22 |
Дюсебаев Тамерлан |
8 |
Тереңкөл ауданы |
А. Текенов атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебі |
ІІ |
23 |
Карагужинов Жангир |
8 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты |
ІІІ |
24 |
Тлеулесов Имран |
8(7) |
Павлодар қаласы |
№39 жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
25 |
Жақсылық Диас |
8 |
мамандандырылған мектеп |
«Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі |
ІІІ |
26 |
Толқын Бибол |
8 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты |
ІІІ |
27 |
Сұраған Еркебұлан |
8 |
мамандандырылған мектеп |
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты |
ІІІ |
28 |
Бақыт Мирас |
8 |
мамандандырылған мектеп |
«Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі |
ІІІ |
29 |
Амангелді Жангелді |
8 |
Май ауданы |
Ақжар жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
30 |
Бекниязова Аяжан |
8 |
мамандандырылған мектеп |
Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты |
ІІІ |
31 |
Ботабай Арлан |
8 (7) |
мамандандырылған мектеп |
Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты |
ІІІ |