Логотип
Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 апреля 2025
География пәні бойынша 7-8 сынып оқушыларына арасында облыстық «Geo Star» Ұлттық олимпиадасының қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жұмыс жоспарына сәйкес «Астана Дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды аңықтау және қолдау орталығы «Ecoforming» экология және білім беру қоры қоғамдық қорымен бірлесіп және «National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясының қолдауымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен «Geo Star» Ұлттық олимпиадасын 2025 жылғы 21 сәуір күні Павлодар қаласы М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – географиялық білімі мен дағдыларына, зерттеу  белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылыгын арттыру.

Олимпиадаға облысымыздың 3 қала, 14 мамандандырылған мектеп, 10 аудандарынан 7 сынып – 32, 8 сынып – 39, жалпы 71 оқушы қатысты.  

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдарына - 4, ІІ дәрежелі дипломдарына - 10, ІІІ дәрежелі дипломдарына - 17 оқушы ие болды.        

Облыстық кезеңінің олимпиада жеңімпаздары 2025 жылғы 12-15 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін Ұлттық олимпиадасына жолдама алды.

Жеңімпаздар жүлдегерлер тізімі 

Қатысушының                аты-жөні

Сынып

Аудан/қала/ мамандандырылған мектеп

Мектеп

Орны

1

Утеуов Алим

7

мамандандырылған мектеп

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия

І

2

Қыстаубайұлы Мұстафа

7

Павлодар ауданы

Заря жалпы орта білім беру мектебі

І

3

Мұрат Әмірхан

7

мамандандырылған мектеп

Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы

ІІ

4

Бисимбаев Назарали

7

мамандандырылған мектеп

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі

ІІ

5

Яресько Станислав

7

мамандандырылған мектеп

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі

ІІ

6

Батырхан Әлім

7

мамандандырылған мектеп

«Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі

ІІ

7

Сержанұлы Элимхан

7

мамандандырылған мектеп

Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты

ІІІ

8

Миринцов Климентий

7

Павлодар қаласы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі

ІІІ

9

Билялова Дамира

7

Екібастұз қаласы

№35 мектеп гимназиясы

ІІІ

10

Жұмабай Нұрасыл

7

мамандандырылған мектеп

Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  лицей-интернаты

ІІІ

11

Айханов Мирас

7

Баянауыл ауданы

Лекер ЖНББМ

ІІІ

12

Теміртай Ділшат

7

Баянауыл ауданы

Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебі

ІІІ

13

Асанов Владимир

7

Павлодар қаласы

№39 жалпы орта білім беру мектебі

ІІІ

14

Рау Милана

7

Ертіс ауданы

Панфилов жалпы орта білім беру мектебі

ІІІ

15

Дитц Ратмир

8

мамандандырылған мектеп

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі

І

16

Бейсенбай Адалхас

8

Павлодар қаласы

Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі

І

17

Қаирмұрат Ақылжан

8

мамандандырылған мектеп

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия

ІІ

18

Урсаева Аружан

8

мамандандырылған мектеп

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі

ІІ

19

Мауль Илья

8

мамандандырылған мектеп

Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы

ІІ

20

Тусупов Адиль

8

мамандандырылған мектеп

«Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі

ІІ

21

Жакупов Ерсултан

8

мамандандырылған мектеп

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты

ІІ

22

Дюсебаев Тамерлан

8

Тереңкөл ауданы

А. Текенов атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебі

ІІ

23

Карагужинов Жангир

8

мамандандырылған мектеп

Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  лицей-интернаты

ІІІ

24

Тлеулесов Имран

8(7)

Павлодар қаласы

№39 жалпы орта білім беру мектебі

ІІІ

25

Жақсылық Диас

8

мамандандырылған мектеп

«Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі

ІІІ

26

Толқын Бибол

8

мамандандырылған мектеп

Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  лицей-интернаты

ІІІ

27

Сұраған Еркебұлан

8

мамандандырылған мектеп

Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты

ІІІ

28

Бақыт Мирас

8

мамандандырылған мектеп

«Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі

ІІІ

29

Амангелді Жангелді

8

Май ауданы

Ақжар жалпы орта білім беру мектебі

ІІІ

30

Бекниязова Аяжан

8

мамандандырылған мектеп

Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты

ІІІ

31

Ботабай Арлан

8 (7)

мамандандырылған мектеп

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты

ІІІ

21 апреля 2025
Павлодарлық оқушылар квиз-ойында білімдерін тексерді

Павлодарда М. Әлімбаев атындағы, № 15, 27, С. Торайғыров атындағы, Малайсары батыр атындағы мектептерде, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының негізінде алты жерде  «Академиктер кубогы» квиз-ойынының қалалық іріктеу турынақаланың жалпы білім беретін мектептерінің 38 командасы қатысты. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы.

- Ынта-жігері тасып тұрған  жас қатысушылар өз орындарына жиналды. Әр аудиторияда жеңіл пікірталас болды, интеллектуалды шайқастың лебі ауада сезілді. «География» раундында оқушылар картадан жасырылған жерлерді оңай тапты, «Елтану» бөлімінде мерекелер мен дәстүрлер туралы білімдерімен таң қалдырды. «Флора мен фауна» раунды нағыз қиындыққа  толы кезең болды: сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар туралы сұрақтар командаларды өздерінің барлық эрудицияларын көрсетуге мәжбүр етті. Ал музыкалық раундта көрермендерді бірден жандандырған әуендер шырқалды, - дейді клубтың  педагогі Денис Анатольевич Морозов.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, ойын тек жарысқа ғана емес, сонымен қатар интеллект пен достықтың мерекесіне айналды. Бұл іс-шара барлығына эрудиция мен командада жұмыс істеу қабілетін дамытудың қаншалықты маңызды екенін еске салды. Қатысушылар дипломдар мен марапаттарға қуанып қана қоймай, жаңа кездесулерге шабыт алды.

Ойын аяқталғаннан кейін қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. - Бұл өте қызықты болды. Біз көптеген жаңа нәрселерді білдік және өз білімімізді тексере алдық, - деді А. Шамкенов атындағы мектеп командасының капитаны Кунашева Ясмин.

- Мен өз командамды мақтан тұтамын, біз шынымен де жақсы нәтижеге қол жеткіздік, енді келесі кезеңдерді күтеміз және ойын жыл сайын болады деп сенемін, - деп қосты № 26 мектеп командасының капитаны Григурко Кирилл.

Іріктеу турларының нәтижелері бойынша жартылай финалға М. Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы,  Р. Нұртазина атындағы, А. Шамкенов атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Кенжекөл мектебі, Жетекші мектебі, № 9, 15, 29, 18, 6, 32, 33, 46 мектептері жалпы 18 команда өтті. Бұл ұжымдар білім мен командалық рух табысқа жетудің кілті екенін дәлелдеді. Жартылай финалдың қызықты әрі тартысты болатындығына күмәніміз жоқ, ал қатысушылар жаңа сынақтарға дайындықты бастап кетті.

Ойын 3 кезеңнен тұрады – «География», «Елтану», «Флора және фауна» тақырыптарында іріктеу, «Әдебиет», «Жаратылыстану ғылымдары», «Өнер» тақырыптарында жартылай финал, «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Мәдениет» тақырыптарында финал.

Жартылай финал 24 ақпанда 18 команданың қатысуымен 2 жерде өтеді. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар финалдық кезеңге қатысатын болады.

19 апреля 2025
Павлодарлық оқушылар өз жұмыстарын Жеңіс күніне арнады

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағымен бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған «Под салютом Великой Победы»балалар бейнелеу шығармашылығы атты қалалық байқауын өткізді.Мақсаты-патриоттық және адамгершілік тәрбие беру, ел тарихын білу, өскелең ұрпақтың атаулы күнді мерекелеуге қатысуы.Байқауға 9-16 жас аралығындағы 135 бала, қаланың № 17, 41, 18, 39, 43, 7, 27. 11, 33, 14, 30, 40, 29, 24, 46, С. Торайғыров атындағы, Кенжекөл ЖОМ, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ш. Шөкин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, А. Әуезов атындағы, «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының, «Алтай – Павлодар»оқу орталығының, IQб ілім беру-дамыту орталығының тәрбиеленушілері, балалар көркемсурет мектебінің оқушылары қатысты.

- Қатысушылардың жұмыстарында соғыс қимылдарының, бейбіт өмірдің сюжеттерін, Ұлы Отан соғысы батырларының портреттерін, соғыс туралы натюрморттарды көруге болады, - дейді қазылар алқасының төрағасы Александр Владимирович Шитов.

Жұмыстар 9 - 10 жас, 11 - 12 жас, 13 - 16 жас аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен қосымша білім беру мекемелері қатысушылары арасында қарастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 18 қатысушы I, II, III дәрежелі дипломанттар атанды.

Байқаудың І дәрежелі дипломанттары 6 қатысушы болд. Олар: Елохина Мария, 9 жаста, № 27 мектептен гуашь техникасындағы «Уақыт» жұмысы үшін, Кромер Карина, 12 жаста «Санитарка» жұмысы үшін (№ 14 ЖОМ), Беимбетова Зейнеп, 13 жаста аралас техникадағы «Майданнан хат» жұмысы үшін (№ 46 ЖОМ), балалар көркемсурет мектебінің оқушылары-Небогатов Глеб, 9 жаста «Жеңіс күні» жұмысы үшін, Смағұлова Руслана, 12 жаста, «Жеңіс шеруі» жұмысы үшін, Зикенова Амина, 14 жастағы гуашь техникасындағы «Мәншүк пен Әлия - Қазақстан батырлары» жұмысы үшін алды.

- Мен байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Мен өз жұмысымды Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнадым. Онда мен анасы ұлынан көптен күткен майданнан хатты қалай алғанын салдым. Бұл сурет арқылы ұлдарының майданнан келмегендігі туралы аналардың қайғысын сезінуге болады, - дейді Беимбетова Зарина.

Байқаудың ІІ дәрежелі дипломанттары А.Байтұрсынұлы атындағы,№ 43, 39, балалар көркемсурет мектебі, «Жігер» орталығының 9, 11 - 12, 14 жастағы 6 қатысушы болды. Олар «Соғыс және бейбітшілік», «Ардагер гүлдермен», «Тырналар ұшуда», «Біздің жүрегіміздегі Жеңіс», «Соғыс», «Жеңіс натюрморты» шығармаларын ұсынды.

А.Байтұрсынұлы атындағы, Ш. Шөкин атындағы, № 40 мектептердің, «Алтай – Павлодар» оқу орталығының, балалар көркемсурет мектебінің 9, 11 - 13, 15 жастағы 6 оқушысы байқаудың ІІІ дәрежелі дипломанттары атанды. Олар «Еліміздің заманауи қорғаушысы», «Жеңіс», «Проводы», «На привале», «Бұл Жеңіс күні», «Азаттық» жұмыстарын ұсынды.

18 апреля 2025
Мектепті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісу

2025 жылғы 15 сәуір күні  «Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОМ» КММнің  базасында қала және облыс мектептерінің ОӘБ басшысының орынбасарларына арналған  «Пәнаралық байланыстар білім берудегі инновациялық  үдерістердің  көрсеткіші  ретінде»: мектептің даму бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі тәжірибелік алаңы өтті.

Мектеп ұжымы мектепті дамыту бағдарламасы бойынша «Білім берудегі инновациялық процестердің көрсеткіші ретінде пәнаралық байланыстар» тәжірибелік алаңын ұйымдастырды. Семинарды ұйымдастырушылар мектепті дамыту Бағдарламасын іске асырудың бірінші жылындағы инновациялық процестердің сапасы мен тиімділігін талдады.

Семинарға қатысушылар мен қонақтар әдістемелік күндерді ұйымдастыру, шығармашылық топтардың жұмысы, пәнаралық оқыту және геймификация арқылы мектеп жұмысының жүйесімен танысуға мүмкіндік алды. Көптеген жылдар бойы мектеп дамуының негізгі тақырыбына айналған "Мәшһүртану" тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл арнайы курстар, ғылыми-этнографиялық музейдің жұмысы, Мәшһүр ғалымдарымен өзара іс-қимыл, Астана қаласының Мәшһүр Жүсіп атындағы № 57 мектебімен тығыз жұмыстың нәтижесі.

Семинарға қатысушылар Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының бас маманы Р. Т. Сулейман, Павлодар қаласы ҚБ әдіскері Ғ. А. Шиндлярская, сонымен қатар  Железинка, Баянауыл, Шарбақты, Павлодар ауданы және Аққулы аудандарының өкілдері педагогтардың алдына қойылған күрделі міндеттерді шешуге қабілетті мұғалімдердің ұйымшыл тобын, жұмыстың жүйелілігін атап өтті.

18 апреля 2025
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қалалық семинар

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес № 7 мектепте қаланың жалпы білім беретін мектеп басшылары орынбасарларының қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мәселелері бойынша семинар-практикум өтті. Семинар тақырыбы мынадай бағыттарды қамтыды: тегін жеңілдікті тамақпен қамтамасыз ету, оқушыларға қаржылай көмек көрсету, мектепте тасымалдауды ұйымдастыру, балаларды мектепке қабылдау және тіркеу, үйде оқыту, аттестаттардың төлнұсқаларын беру.

Семинардың мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою. Ата-аналармен өзара іс-қимыл мәселелеріне, қажетті құжаттаманың уақтылы және толық ресімделуіне, қызмет көрсету кезінде ресми бас тартудың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, бас тарту негіздері бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берді, күнделікті жұмыста кездесетін практикалық кейстерді талдады. Қатысушылардың нормативтік актілерді іс жүзінде қолдануына қатысты сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар жұмыста пайдалану үшін жалпы білім беретін мекемелерге жіберілетін болады.

18 апреля 2025
Павлодардан келген жас боксшылар Астананы бағындырды

Еліміздің түкпір - түкпірінен екі жүзден астам жас спортшыны жинаған ұлдар арасындағы бокстан үш күндік ашық республикалық турнирге Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының 8 - 9, 12 - 13, 16 жас аралығындағы он ержүрек ұлдардан құралған құрама командасы қатысты. Олардың әрқайсысы қатысу үшін емес, жеңіске жету үшін барды.

Ринг физикалық жекпе-жектің, психикалық тұрақтылықтың, жаттығу дағдыларын қолдану қабілетінің орнына айналды. Жігерліктер мақсатқа жетіп, тоғыз алтын және 1 күміс медальді жарқын, сенімді, әдемі жеңіп алды.

Бұл Қайыр Нариман, 8 жаста, № 43 мектептің оқушысы (28 келіге дейін) - чемпиондар арасында ең кішкентайы болса да, соққылары дәл болды. № 14 мектептің оқушысы Мұхаметқали Мәди, 9 жаста, қатысушылар арасында 20 келіге дейін -  өте жеңіл, соққы алмай,  рингте жел сияқты қозғалып, қарсыласына соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Берік Әбілмансұр, 9 жаста (22 келіге дейін) - жинақы, әр қадамын аңдып басып, соққысын дәл тигізіп отырды. Камал Айсұлтан, 9 жаста, № 42 мектептің оқушысы (26 келіге дейін) - жекпе-жекке дейін күлімсіреп жүріп, жекпе-жек кезінде өте қайсарлы.

Жанболатов Әлихан, 12 жаста, № 27 мектептің оқушысы (36 келіге дейін) - қашықтық пен дәлдіктің шебері, ол қарсыластың әр қадамын алдын-ала біліп отырғандай болды. Ерболат Дархан, 12 жаста, № 21 мектептің оқушысы (38 келіге дейін) - оның күші мен тактикасы тіпті тәжірибелі жаттықтырушыларды таң қалдырды. Ертай Нұртай, 12 жаста, № 12 мектептің оқушысы (52 келіге дейін) - рингке бірінші емес, жүзінші рет шыққандай сабырлық пен сенімділікті көрсетті.

Құрбанов Алы, 13 жаста, № 43 мектептің оқушысы (51 келіге дейін) - жекпе-жекте рингте ойлау қабілетін көрсетті.

Қабылбек Ерасыл, 16 жаста, № 19 мектептің оқушысы (57 келіге дейін) - көшбасшы, командадағы ең үлкені, ол өзінің үлгісімен кішілерін шабыттандырды.

Күміс медальді 11 жастағы Бейсенбаев Мансур жеңіп алды, № 5 мектептің оқушысы (34 келіге дейін) - жақсы жекпе-жек көрсетті, болашақта оны да жеңістер күтіп тұр.

Жаттықтырушы Ертай Хайрулинұлы Жәменкенов, - Мен бәрін мақтан тұтамын. Бұл балаларда болашақ бар. Олар кішкентай жүректе үлкен батылдық өмір сүре алатынын көрсетті – деп қысқаша, бірақ салмақты түрде атап өтті.

18 апреля 2025
Заманауи мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің синтезі: тәжірибе және өзекті тәжірибе

2025 жылғы 17 сәуірде Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде «Заманауи мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің синтезі ретінде шығармашылық зертханаларда оқушылардың soft және hard skills дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Павлодар облысының қала және аудан мектептерінің басшыларының орынбасарлары қатысты.

Семинар аясында инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып ашық сабақтар өткізілді, оқушылардың метапәндік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған білім беру жобалары ұсынылды. Шығармашылық зертханалардың жұмысы таныстырылды, педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастырылды. Оқушылардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесіне байланысты іс-шаралар өткізілді, ұлттық ойындар мен мәдени құндылықтарды бейнелейтін көрмелер көрсетілді.

Семинар облыс көлемінде педагогикалық тәжірибе алмасудың, үздік тәжірибелерді тарату мен оқытуда дараландырылған тәсілді ілгерілетудің тиімді алаңына айналды.

18 апреля 2025
«Цифрлық агрономия: ЖИ және VR-технологияларын оқу үдерісіне енгізу»

Цифрландыру ауыл шаруашылығын және аграрлық сектор үшін кадрларды даярлауды қалай жақсарта алады? Бүгін Ақпараттық технологиялар колледжінде (АТК) өткен Ертіс өңірінің аграрлық-техникалық колледждеріне арналған аймақтық семинарда осы туралы айтылды. Жаңа білім алу үшін Тереңкөл, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Шарбақты, Успен, Баянауыл, Павлодар аудандарынан білім беру мекемелерінің басшылары келді.

АТК арнайы пәндер оқытушысы Эрик Беккер шетелдік платформаларды студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіру құралы ретінде пайдалану туралы баяндама жасады. Колледж түлегі Бауыржан Мирбеков оқу үдерісінде жасанды интеллектті пайдалану туралы айтты.

Solid Group компаниясының өкілдері – Нұрлан Ахметжанов пен Денис Плаксин білім берудегі цифрландыру, жаңа технологияларды оқу үдерісіне интеграциялау перспективалары туралы айтып берді. Олар цифрландыру мен ЖИ аграрлық секторды өзгертуде шешуші рөл атқаратынын, деректерді талдау, процестерді оңтайландыру, шығындарды азайту кезінде өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. ЖИ қолдауымен аграрлық сценарийлерді VR-модельдеу мамандар мен студенттерге практикалық дағдыларды дамытуға, заманауи және тиімді білім беру кеңістігін құра отырып, деректерді талдау негізінде ұсыныстар алуға көмектеседі.
Айта кету керек, компанияның VR-тренажерлар мен соған байланысты бағдарламаларды жасауда тәжірибесі мол. АТК студенттері бұл жұмысқа белсенді қатысып, оқу үдерісіне инновацияларды енгізуге көмектеседі.

Семинарда ұсынылған төмендегідей негізгі технологиялар қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды:

  • Материалдарға қол жеткізу және қашықтықтан оқытуды басқару үшін цифрлық платформалар мен LMS.
  • Нақты жағдайларды модельдеу және қауіпсіз ортада дағдыларды үйренуне арналған VR/AR.
  • Оқу үлгерімін талдауға және жеке ұсыныстарды алуға арналған жасанды интеллект.
  • Қосымшалар мен онлайн-құралдар арқылы сыныптан тыс оқуға арналған мобильді және интерактивті оқыту.
  • Жаһандық университеттердің курстарына және халықаралық тәжірибеге қол жеткізуге арналған MOOC платформалары.
18 апреля 2025
Павлодарлық оқушы қыздар Еуропалық математикалық олимпиадада жарқын нәтиже көрсетті

Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан төрт бірдей медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Бұл жарқын жетістік еліміздің мықты математикалық мектебі бар мемлекет екенін тағы бір мәрте әлемге паш етті.

Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада алғаш рет 2012 жылы Ұлыбританияның Кембридж қаласында өткен болатын. Қазақстан құрамасы бұл беделді білім бәйгесіне 2017 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің дарынды қыздары 3 алтын, 12 күміс, 15 қола медаль мен 4 құрмет грамотасын иеленді.

Бұл беделді халықаралық олимпиада Приштина қаласында (Косово) өтті. Олимпиадаға әлемнің 52 елінен 219 оқушы қыздар қатысты.   

Биыл Қазақстан намысын төрт оқушы қорғады, олардың қатарында дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Юлия Катунина. Олимпиада қорытындысы бойынша Юлия күміс медаль иегері атанды (мұғалімі- Стадникова Лилия Викторовна).

17 апреля 2025
Ақшаны басқаруды үйрену: жасөспірімдер үшін маңызды сабақ

Екібастұз қаласы Жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілі Әмірғалиев Қуаныш Айтбайұлының жүргізуімен «Жас Өркен» жастар орталығында қаржылық сауаттылық бойынша  «Ақшаны басқаруды үйрену» тәрбие сағаты өтті.

Сабақ барысында балалар жеке қаржыны басқару саласындағы негізгі ұғымдармен танысты: бюджеттік жоспарлаудан бастап «Инвестиция мен жинақ» сияқты маңызды тақырыптарға ерекше назар аударылды: кысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар, бюджетті жоспарлау және тұрақты шығындарды есепке алу.

Несиелер: тәуекелдер мен ақылды қарыз алу ережелері, девальвация және инфляция: олар сатып алу қабілетіне қалай әсер етеді, депозиттер мен жинақтар қаржылық қамтамасыз етудің негізі ретінде,

Halyk Invest сияқты сенімді платформалар арқылы акцияларға инвестициялау.

Қуаныш Айтбайұлы қаржылық тәртіптің маңыздылығына тоқталып, ақылмен жоспарлау мен ресурстарды сауатты басқару өмірлік мақсаттарға жетуге қалай көмектесетінін түсіндірді.

Сабақ интерактивті форматта өтті: балалар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және өмірлік жағдаяттарды белсенді түрде талқылады. Мұндай кездесулер жастарға экономиканың қыр-сырын түсініп қана қоймай, ақшаға, болашаққа деген жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.

Социальные сети
Білім беру басқармасы
Управление образования
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы