Павлодар облысы Успен ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің негізінде Жеңіс күніне арналған аралас жекпе-жек турниріне Павлодар, Астана, Қарағанды, Ақсу және Екібастұз қалаларынан 13 - 16 жас аралығындағы 140-тан астам жас балуандар жиналды. Павлодар қаласының атынан Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының 9 тәрбиеленушісі қатысты.
Бапкер Рщанов Алтынбек Серғалиұлының жетекшілігімен турнир барысында павлодарлық спортшылар жоғары техникалық дайындықтарын көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша төрт жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, 16 жасар Сыздықов Кәрім турнир жеңімпазы атанып, алтын медаль иегері болды. 14 жасар Қайргелді Руслан күміс жүлдеге ие болса, қола медальдармен 14 жастағы Қалиев Даниял және 13 жасар Сыздықов Ильхан марапатталды.
Турнир аяқталғаннан кейін команданың жаттықтырушысы Алтынбек Серғалиұлы: «Біздің спортшылар бұл турнирде тек жүлде үшін ғана емес, бейбіт аспан мен ел болашағы үшін күресті. Бұл жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығының көрінісі болды», - деп өз пікірін білдірді.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 18-21 мамыр аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, мектеп оқушыларын халықаралық олимпиадаларға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасындағы білімнің беделін арттыру.
Олимпиадаға республикамыздың 18 аймағынан 533 оқушы қатысты. Павлодар облысы 24 оқушыдан тұратын құрама командасын ұсынды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 10 медаль жеңіп алды, оның ішінде 4 алтын, 3 күміс және 3 қола. Үш оқушы құрмет грамотасына ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сйылықтармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі
Оқушының аты - жөні |
Сынып |
Мектебі |
Орын |
Ермек Сабина |
7 |
Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы |
І |
Уткин Николай |
7 |
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі |
І |
Перепелица Даниил |
8 |
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі |
І |
Ахметова Латифа |
7 |
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі |
І |
Елембаева Диана |
8 |
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі |
ІІ |
Жандельдинов Бексултан |
7 |
«Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі |
ІІ |
Ғабдулжағыпар Аңсар |
8 |
Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты |
ІІ |
Атаканова Томирис |
7 |
Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы |
ІІІ |
Беспаев Динмухамед |
7 (6) |
Ертіс ауданының №3 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
Мамжанова Томирис |
8 |
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі |
ІІІ |
Урсаева Аружан |
8 |
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі |
ҚГ |
Кәрімжан Данияр |
8 |
«Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі |
ҚГ |
Нурханова Аружан |
8 |
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты |
ҚГ |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынымына сәйкес республика мектептерінде сабақтар 2025 жылғы 23 мамырда аяқталады. Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 23 мамыр күні «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Мақсаты - мұғалімдерді құрметтеуге, білім ордасына ұқыпты қарауға, оқуға деген құштарлыққа, оқу жылы ішінде алған білімдерін қорытындылай білуге тәрбиелеу.
22 мамырда мектептерде 1- 4 сынып оқушылары арасында «Таза Қазақстан» тақырыбында, 5 - 8 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында, 10-11 сынып оқушылары арасында «Адал азамат» тақырыбында эссе жазуға байқау өтеді. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар облыстық «Үздік эсселер» жинағына енгізіледі.
Сынып сағаттарында ата-аналардың, қоғам өкілдерінің, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен оқушылардың оқудағы, спорттағы, түрлі іс-шаралардағы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетіледі.
11-сынып түлектері үшін 23 мамыр күні «Моя школа, спасибо тебе!» тақырыбында қала әкімдігі, білім беру бөлімі өкілдерінің, қоғамдық ұйымдардың, педагогикалық еңбек ардагерлерінің, қаланың құрметті азаматтарының, мектеп бітірген түлектердің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен соңғы қоңырау өтеді.
Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 1-11 сыныптардың 50288 оқушысы үшін соңғы қоңырау соғылады, оның ішінде 11 сыныптың 1856 түлегі және 9 сыныптың 4626 түлегі үшін. 11-сынып түлектерінің қатарында «Алтын Белгі» аттестатына 53 үміткер және үздік аттестатқа 120 үміткер бар.
Алдағы уақытта 9 және 11 сынып түлектері 29 мамыр мен 16 маусым аралығында мемлекеттік емтихандар тапсырады, 1658 түлек ҰБТ тапсыруды жоспарлап отыр.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығының базасында «Яндекс телемост» бейне кездесу алаңында «Қосымша білім беруді іске асырудың үздік тәжірибелері: тәжірибе, перспективалар» атты халықаралы қвебинар өтті. Вебинарды экология және туризм орталығы, А. М. Төлеев атындағы Кузбасс өңірлік кәсіптік білім беруді дамыту институты ұйымдастырды.
Вебинардың пленарлық бөлімінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының, Павлодар облысы білім беру басқармасының, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, А. М. Төлеев атындағы Кузбасс өңірлік кәсіптік білім беруді дамыту институтының, экология және туризм орталығының, Павлодар география үйінің, Новосибирск қаласы Совет ауданының балалар шығармашылығы орталығының өкілдері сөз сөйледі.
Вебинардың пленарлық бөлімін «Экология», «Туризм және өлкетану» секциялары жалғастырды. Ресейдің Кемерово, Кузбасс, Новосибирск, Барнаул қалаларының, Қазақстанның Орал, Павлодар қалаларының, Қызылорда, Павлодар облыстарының өкілдері экологиялық және туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру жөніндегі тиімді тәжірибелер бойынша сөз сөйледі. Вебинардың диалог алаңында жұмыстың жемістілігі, сындарлы диалог және өз ара іс-қимылдың тиімділігі атап өтілді.
Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мен Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж арасындағы ынтымақтастық аясында жыл сайын болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Солардың бірі – «Оқытушылар мен білім алушылардың жобалық қызметі жеке бағдарланған оқыту әдісі» тақырыбындағы облыстық проактивті педагогтардың шығармашылық зертханасы. Модераторлар — колледж оқытушылары Г.Б.Байтенова мен У.В.Комлева.
Нысаналы мектептердің мұғалімдері мен колледж студенттеріне Б.Момышұлы атындағы, №25, С.Торайғыров атындағы және №39 жалпы орта білім беру мектептерінің педагогтары мен оқушылары «Командалық оқыту», «Бастауыш мектептегі жобалар», «Олимпиадалық қозғалыс» және басқа да педагогикалық жобаларын таныстырды. 1-11 сынып оқушылары биология, медицина, тарих, филология, физика, химия, экология және өнер бағыттарында зерттеу және шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Оқытушылары мен колледж студенттері үшін бұл жобалық қызмет оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескерудің маңызын көрсетіп, құнды тәжірибе болды.
Павлодар қаласының № 38 ЖОМ базасында жалпы білім беретін мектептер басшыларының орынбасарлары үшін «Бірыңғай білім беру жүйесі арқылы дарынды тұлғаны қалыптастыру: тиімді әдістер және тәжірибе алмасу» тақырыбы бойынша қалалық семинар өтті.
Семинар аясында дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу технологияларын жетілдіру бойынша педагогикалық ұжым қызметінің тиімді жүйесі таныстырылды.
Ашық сабақтар, педагогтардің шеберлік сағаттары және мектеп әкімшілігінің шығармашылық презентациялары қатысушылардың қызығушылығын тудырды, олар әріптестерінің шығармашылық тәсілдерін, оқыту мен тәрбиелеу технологияларының өзектілігі мен тиімділігін атап өтті. Семинар қатысушылары мектептің жұмыс тәжірибесін облыстық деңгейде таныстыру бойынша ұсыныстар айтты.
Астанада жеңілатлетикалық кросс бойынша екі күндік республикалық мектеп лигасына Қазақстанның 17 өңірінен 7-8 сыныптардың екі жүзге жуық оқушысы қатысты. Павлодар облысының атынан Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының «Марафон» филиалының бес тәрбиеленушісі қатысты.
Кросс шарты бойынша оқушылар 1 шақырымға жүгірулері керек болды.
Павлодар облысының жеңіл атлетшілері өңірді абыроймен көрсетіп, жалпы командалық есепте тұғырдың бірінші сатысына көтерілді. Облыс құрамасында 15 жастағы Кузнецова Анастасия, Сасина Софья, Дрючина Мария және 14 жастағы Соколова Арсения мен 13 жастағы Косогор Елена болды.
- Біз үшін бұл кросс жай ғана бастама емес. Бұл бірігу, төзімділік және бір-біріне деген сенім емтиханы болды. Қыздар бір адамдай жүгірді. Олар нағыз күштің командада екенін дәлелдеді. Біз тәжірибе алу үшін бардық, ал жеңіспен оралдық, - дейді команданың жаттықтырушысы Светлана Станиславовна Волчуга.
Команданың жеңісі - тұрақты жаттығулардың нәтижесі, оқушыларына спорттық дағдыларды, жеңіске деген шешімді, командалық рухты беретін жаттықтырушылардың арқасы.
Іс-шараға Павлодар қаласы мен Павлодар облысы мектептерінің педагогтары мен ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша басшылардың орынбасарлары қатысты.
Қарағанды және Павлодар қалаларының педагогикалық шеберлік орталықтарының спикерлері Lesson Study тәсілін қолданудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Лицей-мектебі мұғалімдері Lesson Study әдісін қолдана отырып, қазақ тілі, ағылшын тілі және тарих пәндерінен ашық сабақтар өткізді. Сабақтардың екеуі Zoom платформасы арқылы Қарағанды мен Павлодардан қатысушыларды қосумен онлайн форматта өтті.
Іс-шараның екінші бөлімінде мектеп педагогтары педагогикалық шеберлік орталықтарынан шақырылған жаттықтырушымен бірге бірқатар шеберлік сабақтарын өткізді.
Ашық сабақтар мен мастер-кластарға қатысқан қатысушылардың пікірлері бойынша әдістемелік ивент тәжірибе алмасуға және педагогикалық шеберлікті одан әрі дамытуға ықпал ете отырып, жоғары кәсіби деңгейде өтті.
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін таныту мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Заң және құқық» атты екі күндік интерактивті квест-ойынын ұйымдастырды. Ойынға қаланың 39 мектебінен 5 - 6 сынып оқушылары қатысты.
Қатысушылар 6 тақырыптық станцияда заң мен құқыққа байланысты танымдық тапсырмаларды орындады. «Мақал-мәтел» станциясында оқушылар берілген сөздерден мақал-мәтел құрап, олардың мағынасын түсіндірді. Мысалы, «Ұрлау оңай, жауап беру қиын» деген мақал логикалық ойлау мен зейінге арналған тапсырмалар аясында қолданылды. Викторина бөлімінде оқушылар өз құқықтары мен Қазақстан Республикасы Конституциясына қатысты сұрақтарға жауап берді. «Түсін және сәйкестендір» станциясында оқушылар құқықтар мен міндеттерді ажыратып, тиісті карточкаларды сәйкестендірді. Суреттермен жұмыс бөлімінде оқушылар түрлі жағдайларда қандай құқықтардың бұзылғанын анықтап, оларды қорғау жолдарын сурет арқылы толықтырды. «Скакалка» станциясында әр секірістен кейін оқушылар құқықтар мен міндеттерге қатысты сұрақтарға шапшаң жауап берді. «Доппен дәл түсір» станциясында қатысушылар әртүрлі өмірлік жағдайларда қолданылатын құқықтарға мысалдар келтірді.
- Оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысып, өз құқықтары мен міндеттерін білетіндігін көрсетті. Бұл ойын топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, өзін және өзгелерді құрметтеуге, ой қорыту, салыстыру, өз пікірін білдіру қабілеттерін дамытуға ықпал етті, – дейді ұйымдастырушылар.
Ойын нәтижесінде І орын - М. Жүсіп атындағы және № 6 жалпы білім беретін мектеп командалары жеңіп алды, ІІ орын - № 7, 25, 26, 36, 39, 40, 43 мектептері, сондай-ақ Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейі, А. Байтұрсынұлы және М. Әуезов атындағы мектептер ие болды, ІІІ орын - № 2, 11, 17, 29, 31, 32, 35, 38, 39, 41 мектептері, К. Мақпалеев, Р. Нұртазин және С. Торайғыров атындағы мектептердің командалары табысты болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Павлодар қаласында өткен жастар арасындағы қазақ күресінен үш күндік республикалық турнирде еліміздің екі жүзден астам балуаны өз өңірлерінің намысын қорғады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының атынан тәрбиеленушіміз, 17 жастағы Х. Бекхожин атындағы мектептің түлегі Жақсыбаева Зарина шықты. Турнир қорытындысы бойынша ол 45 келі салмақтағы қатысушылар арасында күміс медаль иегері атанды және спорт шеберіне үміткердің спорттық нормативін растады.
- Біз бұл турнирге ұзақ және жүйелі түрде дайындалдық және соған нәтижеміз де лайықты болды. Бұл Заринаның спорттағы үлкен сапарының бастамасы ғана. Оның өнерін мақтан тұтамын және біздің алдымызда көптеген жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін, - дейді орталықтың педагогі, жаттықтырушы Азамат Оразгелдіұлы Токқожин.
Зарина орталықта 11 жасынан бастап жаттығады, ол мақсатшыл, тәртіпті және өте еңбекқор. Өзінің дамуымен үнемі жұмыс істейді, бастамашылық пен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады.