
Облыс педагогтерін «Үздік интерактивті сабақ» атты қашықтан өткізілетін интернет-фестивальге қатысуға шақырамыз.
Фестивальдің мақсаты – ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату, сондай-ақ интерактивті оқыту әдістерін белсенді қолданатын дарынды мұғалімдерді қолдау.
Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2026 жылдың 23.02 – 17.04. аралығында (сағат 18:00-ге дейін) жүргізіледі. Қатысуға облыстағы барлық білім беру ұйымдарының педагогтері жіберіледі. Тек жеке жұмыстар қабылданады, ұжымдық жобалар қарастырылмайды. Қатысушылар төмендегі бағыттардың бірі бойынша сабақ жоспарын және оған сәйкес интерактивті материалдарды ұсынуы тиіс:
Жаратылыстану-математикалық пәндер.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер.
Кәсіптік оқыту.
Сыныптан тыс оқыту.
Өтінімдер мен жұмыстар электрондық түрде келесі сілтеме арқылы онлайн-формада қабылданады: https://clck.ru/3RqGeM немесе электрондық тасымалдағыштарда келесі мекенжай бойынша тапсыруға болады: Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, 108-кабинет.
Екінші кезеңге өткен барлық қатысушыларға атаулы сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша грамоталармен марапатталады.
Фестивальдің бұйрығы мен ережесі Білім беру басқармасының clck.ru/3RqPkK және Ақпараттық технологиялар ораталығы clck.ru/3RqQ2s сайттарында орналастырылған.
Астана қаласында 2026 жылғы 14-15 ақпан аралығында «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы CAP Education онлайн бағдарламалау мектебімен бірлесіп оқушыларға арналған Республикалық Хакатон (бұдан әрі – Хакатон) Astana IT университетінің базасында өткізді.
Республикалық кезеңге Қазақстан Республикасының барлық қалаларынан 50-ден астам команда қатысты.
Хакатонның мақсаты – жасанды интеллект және цифрлық трансформация бағыттарындағы мемлекеттік басымдықтарды қолдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық міндеттерінде айқындалған бағыттарды мектептегі пәндер мен оқушылардың практикалық бастамалары арқылы жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Оқушыларға арналған республикалық хакатонға Павлодар облысынан 6 оқушы қатысты – дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының 9-сынып оқушылары Альбекова Адина және Бағдат Әділбек, Павлодар қаласы А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Аргынова Назия, Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Кәкен Аңсар, Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беру мектебінің 9 және 11-сынып оқушылары Нұрымжан Даниял, Шоханов Даулет.
Республикалық хакатонның қорытындысы бойынша «Smart Technologies & Iot» номинациясында Павлодар қаласы А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Арғынова Назия І орынға және 150 000 теңгенің сертификатына ие болды; «Digital Business & Gov Tech» номинациясы бойынша дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының оқушылары Альбекова Адина және Бағдат Әділбек ІІІ орынға иеленіп, 50 000 теңгенің сертификатына ие болды.
Республикалық кезеңге өткен барлық қатысушылар CAP Education онлайн бағдарламалау мектебінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болады.
Астана қаласында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен CAP Education бірлесіп ұйымдастырған республикалық AITUCAP HACKATHON өтті. Бұл іс-шара мектеп оқушыларына арналған, екі күн бойы командалар өз IT-жобаларын – бағдарламалар, веб-сайттар, мобильді қосымшалар және басқа да шешімдер – әзірлеуге арналған нағыз жарыс.
Қазақстан бойынша мыңнан астам командадан іріктеу жүргізіліп, бірінші турдан 76 команда екінші турға өтті, ал финалға 50 үздік команда шақырылды. Павлодар қаласы атынан қатысқан Абай атындағы гимназияның “BilimTech” командасы республикалық кезеңде өз бақтарын сынап, үздік үштікке енді.
Сонымен қатар, жарысқа қатысқан өңірлер арасында Астана, Алматы, Екібастұз, Ақмола, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Тараз, Түркістан, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қосшы, Қонайқорған, Жетісу облысы, Манғыстау және Ақтау бар. Сондай-ақ, Екібастұз қаласынан №18 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары – Нұрымжан Даниял мен Шоханов Даулет қалалық және облыстық кезеңдерден сүрінбей өтіп, республикалық деңгейде мектебінің намысын қорғады.
Команданың жетекшісі Ахауова Шарбану Ермухамбетовна оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беріп, шығармашылық пен білімдерін шыңдауға елеулі үлес қосты.
Хакатон – қатысушыларға бағдарламалау, инновация және IT дағдыларын дамытуға, командалық жұмыс арқылы тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік беретін ерекше алаң. Бұл жарыс оқушыларға өз білімін тәжірибеде тексеріп, шектеулі уақыт ішінде ең үздік IT-шешімдерді жасауға шақырады.
“BilimTech” командасының жетістігі – Павлодар оқушыларының шығармашылық әлеуеті мен IT саласындағы қабілеттерінің жарқын көрінісі.
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында №3 Ертіс орта мектебінің базасында 6 - сынып оқушылары арасында аудандық «Құқықтық турнир» өтті. Заң мәселелері бойынша ең білімді атану үшін төрт команда бақ сынасты — жалпы турнирге 20 оқушы қатысты. Турнир форматы серпінді әрі қызықты түрде ұйымдастырылды: жалаң дәріс пен құрғақ насихатсыз — тек тәжірибе, логикалық ойлау және командалық жұмыс.
Оқушылардың білімін аудан прокуратурасының аға прокуроры Серікбаев Нұрлан Ержанович бағалады. Оның қатысуы турнирдің маңызын арттыра түсті: қойылған сұрақтар ресми сипатта емес, өмірмен тығыз байланысты болды.
Бағдарлама «Мақалды құрастыр», «Ән сайысы», «Құқықтық кезең», «Анаграммалар», «Заңгерлік кеңес» және «Құқықтар мен міндеттер» атты шығармашылық тапсырмалардан тұрды. Қатысушылар тек терминдерді еске түсіріп қана қоймай, оларды іс жүзінде қолдана білді — ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін заң тұрғысынан талдап, құқықтық қателіктерді анықтап, өз көзқарастарын дәлелдеді.
Ойын қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – №2 Ертіс орта мектебінің командасы;
ІІ орын – №3 Ертіс орта мектебінің командасы;
ІІІ орын – №1 Ертіс орта мектебінің командасы.
«Білімді жас заңгерлер» номинациясы №4 Ертіс орта мектебінің командасына табысталды.
Турнир жоғары қарқында өтті: жауаптар нақты, пікірталастар мазмұнды болды. «Заңгерлік кеңес» кезеңінде командалар өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмаларға заң шеңберінде шешімдер ұсынды.
«Заң дегеніміз – бізден алыс нәрсе емес, ол күнделікті өмірімізге тікелей қатысты екенін түсіндік», – деп бөлісті жеңімпаз команда капитаны Сағындықова Аяулым.
Турнир өзара құрмет пен салауатты бәсекелестік рухында өтті. Оқушылар білімдерінің берік екенін, бір-бірін тыңдай білетінін және өз пікірін дәлелді түрде қорғай алатынын көрсетті. Ең бастысы - олар маңызды қорытынды жасады: заңға құрмет өзіңе, айналаңдағы адамдарға және еліңе деген құрметтен басталады.
Ағымдағы жылдың 11-13 ақпанында елорданың қақ ортасында, EXPO алаңында ауқымды Alem Tech Fest 2026 — Орталық Азиядағы ең ірі робототехника, ЖИ және STEM фестивалі аяқталды! «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен іс-шара 7 елден: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменистан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан 5 000-нан астам қатысушыны біріктірді.
Бұл фестиваль инженерлік ойдың жеңісіне айналды, ал Павлодар облысы керемет дайындық деңгейін көрсетті! Біздің командалар жай ғана қатысқан жоқ-олар трендтерді белгіледі.
Біздің жеңімпаздардың алтын тізімі:
Павлодар қ. және облыс командалары:
Командаларды Alem Tech Fest 2026-да салтанатты өнер көрсетуімен және Болгария мен Қытайға беделді марапаттар мен халықаралық квоталарды жеңіп алуымен құттықтаймыз! Біздің жас инженерлер мен олардың тәлімгерлеріне әлемдік ареналарда тамаша жеңістер мен жоғары технологиялар әлемінде жаңа жетістіктер тілейміз!
Облыстық «Шәкен Айманов оқулары» байқауы 2026 жылғы 13 ақпанда Шәкен Аймановтың туған жері — Баянауыл ауданында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды балаларды анықтау, қолдау, жас талапкерлерге әлеуметтік-рухани бағыт-бағдар беру, сондай-ақ олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету.
Сайыс 4 бағыт бойынша ұйымдастырылды:
«Сахна саңлағы» – театрландырылған қойылым;
«Ақ қағаз, қалам сия келді бізге…» – мүшәйра;
«Көңілімді әнді ұғады» – музыкалық байқау;
«Қылқалам және қолөнер шеберлері» – Ш. Аймановтың өмірі мен кинодағы шығармашылығына арналған көркем және қолөнер жұмыстары.
Байқауға облыстың әр өңірінен 8–11 сыныптар арасында 124 оқушы қатысты.
Шара барысында қатысушылардың шығармашылық деңгейі, сахналық мәдениеті мен өнерге деген қызығушылығы жоғары екені байқалды.
Ұйымдастырушы, Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Мурзатаев Алмас байқау туралы өз пікірін білдірді:
«Шәкен Айманов оқулары – жас ұрпақтың өнерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыратын маңызды алаң. Бұл байқау арқылы біз оқушылардың шығармашылық қабілетін ашып қана қоймай, олардың болашақта өз жолын табуына рухани серпін беруді көздедік. Қатысушылардың белсенділігі мен дайындық деңгейі бізді қуантты».
Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар дипломдармен және бағала сыйлықтармен марапатталды.
Байқауының қорытындысы бойынша 24 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 5, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 7, 6 номинация.
«Ақ қағаз, қалам сия келді бізге...» бағытында бойынша - Баршынбай Мейіржан (Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты) – І дәрежелі диплом және 25 000 тг; Қайрат Бекарыс (Баянаул ауданы Ш.Айманов мектебі) – ІІ дәрежелі диплом және 20 000 тг; Сейсенбек Арайлым (Баянауыл ауданы Ш.Шөкин мектебі) – ІІІ дәрежелі диплом және 15 000 тг; Кәкеш Дәния (Баянауыл ауданы Д.Рахметов мектебі) – «Қаламгер таланты» номинациясы, 5 000 тг.
«Қылқалам және қолөнер шеберлері» бағытында бойынша - Жұмағали Нұралы (Баянауыл ауданы Ж.Ағаділов мектебі) – І дәрежелі диплом және 25 000 тг; Иманхан Айбар (Ә.Марғұлан мектебі) – ІІ дәрежелі диплом және 20 000 тг; Тоқтар Қызғалдақ (Павлодар қаласы, Абай атындағы гимназия) – ІІІ дәрежелі диплом және 15 000 тг; Мұхтар Санжар (Баянауыл ауданы Ш.Шөкин мектебі) – «Шығармашылық қолтаңба» номинациясы, 5 000 тг.
«Сахна саңлағы» бағыты бойынша - Ш.Айманов мектебі – І дәрежелі диплом және 50 000 тг; Д.Рахметов мектебі – ІІ дәрежелі диплом және 40 000 тг; М.Ж.Көпеев мектебі – ІІ дәрежелі диплом және 40 000 тг; Шадыра мектебі – ІІІ дәрежелі диплом және 30 000 тг; Ы.Алтынсарин атындағы гимназия – ІІІ дәрежелі диплом және 30 000 тг; Дарынды балаларға арналған №3 гимназия – ІІІ дәрежелі диплом және 30 000 тг; Өмірбек Рамазан (Ш.Айманов мектебі) – «Ең үздік актер» номинациясы, 5 000 тг; Мұратова Сабина (М.Ж.Көпеев мектебі) – «Ең үздік актер» номинациясы, 5 000 тг; «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша (5–7 сынып); Серік Ділназ (Ш.Айманов мектебі) – І дәрежелі диплом және 25 000 тг; Тембай Айару (Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп мектебі) – ІІ дәрежелі диплом және 20 000 тг; Берікболұлы Нұртас (М.Әуезов мектебі) – ІІІ дәрежелі диплом және 15 000 тг; Акейхан Айша (№2 Майқайың мектебі) – «Әуенмен өрілген өнер» номинациясы, 5 000 тг; «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша (8–11 сынып); Молдабай Көркем (Ақтоғай ауданы, Қараоба мектебі) – І дәрежелі диплом және 25 000 тг; Көпеева Ақжамал (Павлодар қаласы, Абай атындағы гимназия) – ІІ дәрежелі диплом және 20 000 тг; Каиргельдинова Дильнура (Павлодар қаласы, Ы.Алтынсарин гимназиясы) – ІІІ дәрежелі диплом және 15 000 тг; Сембай Роза (Ш.Айманов мектебі).
«Сахнадағы сырлы әуен» номинациясы, 5 000 тг Облыстық «Шәкен Айманов оқулары» байқауының қорытындысы
«Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің студенттері мен оқытушылары Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің базасында тағылымдамадан өтті.
Сапар колледж бен ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум шеңберінде ұйымдастырылды және 2026 жылы академиялық ұтқырлықты дамытудың алғашқы қадамы болды.
Апта бойы заманауи Агросектор үшін білікті кадрларды даярлау мәселелерінде терең тәжірибе алмасу жүргізілді. Ғылыми-практикалық тағылымдама қанық болды, "Агрономия", "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" және "Ветеринария" мамандықтары бойынша оқытудың инновациялық түрлеріне, тәжірибеге бағдарланған тәсіл мен заманауи аграрлық технологияларға ерекше назар аударылды.
Бағдарламаға. “Біз шөптен қалай тамақ жасадық "селекционерлерінің" стенд-ап шайқастары " кірді, бұл бұршақ пен көкөніс дақылдарын қолға үйрету тарихын зерттеудің интерактивті түрі. Сондай-ақ, университеттің әртүрлі алаңдарында "Кәсіпқойлық 1.0" интерактивті және практикалық шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Сүт шикізатын өндіру технологияларымен және селекциясымен танысуға арналған "Жұмсақ ірімшіктер коллекциясы" ғылыми семинары өтті. Жастар бастамалары орталығында тәжірибе алмасу, Жобалық жұмыс және икемді дағдыларды дамытуды қамтитын интерактивті практикум өтті.
Павлодар делегациясын Омбы жоғары оқу орнының студенттерді оқыту үшін өз жабдықтарын ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілермен ынтымақтастық форматтары қызықтырды. Сонымен қатар, Омбы университетінде бай тұқымдық коллекция болғандықтан, "Ertis" колледжінің әртүрлілігін кеңейту бойынша ынтымақтастық талқыланды. Біздің делегация Сібірдегі ең қуатты ветеринарлық клиниканың университетіндегі Омбы әріптестерінің тәжірибесін зерттеді.
Тағылымдама аясында колледж басшысының орынбасары Абай Уан "АӨК үшін кадрлар: ШҰС елдерінің орта кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарының халықаралық өзара іс-қимылы" атты дөңгелек үстелде баяндама жасады, оған Ресей, Қазақстан және Қырғызстан серіктестері қатысты.
Абай Қайыржанұлының сөз сөйлеуі "Ertis" колледжінің экономиканың нақты секторымен және колледждің әлеуметтік серіктестерімен ынтымақтастығына арналды. Әріптестерді дуалды оқытуды ұйымдастыру, нысаналы мемлекеттік тапсырыс бойынша кәсіпорындармен жұмыс істеу тәжірибесі қызықтырды. Мысалы, барлық студенттер тек ақылы тәжірибеден өтеді, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 90 пайыздан асады, ал әлеуметтік серіктестер қатарында 120-дан астам жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бар.
Дөңгелек үстел аясында "Ertis" жоғары инновациялық аграрлық колледжінің делегациясы осы бағыттағы академиялық ұтқырлықты дамыту және жаңа тағылымдамаларды ұйымдастыру үшін Қырғызстандағы әріптестерімен халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Ертіс ауданына қарасты «Ағашорын орта мектебінің» 9 сынып оқушысы Руслан Равшанбеков – ұлттық ат спортына адалдық танытып, талай додада топ жарып жүрген талапты жас. 2022 жылдан бері «Құлагер» клубының құрамында шыңдалып келе жатқан ол қысқа уақыт ішінде аудандық, өңірлік және республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
2023 жылы Ақтоғай ауданының 85 жылдығына арналған бәйгеде І орын иеленіп, Ертіс ауданының чемпионы атанды. Екібастұз және Баянауыл аудандарындағы жарыстарда да жүлделі орындарға ие болды. Ал 2024 жылдың 22 маусымында Көкшетау қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында аламан бәйгеден ІІ орын алып, 2 миллион теңге жүлдені жеңіп алды. Бұл – жас спортшының бүгінгі күнге дейінгі ең ірі жетістігі.
Руслан үшін жылқы – жай ғана спорт құралы емес, рухани серік. Ол жылқыны ерекше сезінеді, оның ақылды әрі адамға күш-қуат беретін қасиетін жоғары бағалайды. Жылқы адамның рухын оятып, сенімін нығайтатын қасиетке ие деп есептейді. Сондықтан тұлпар мен шабандоз арасындағы байланыс – оның жеңісінің басты негізі.
Руслан тек бәйгеде ғана емес, ұлттық қолөнерге де жақын. Оқу кезеңінде ол қамшы өру өнерін меңгеріп, 4–6 таспадан тұратын қамшыны өз бетінше өре алатын деңгейге жетті. Бұл – оның ұлттық дәстүрге деген құрметі мен еңбекқорлығының айқын көрінісі.
Қазіргі таңда Руслан «Құлагер» клубының ең белсенді әрі болашағынан зор үміт күттіретін мүшелерінің бірі. Ол алға қойған мақсатына ұмтылғыштығымен, тынымсыз еңбегімен және жоғары спорттық жетістіктерімен дараланады. Төрт жыл бойы жинақтаған тәжірибесінің арқасында жылқы күтімінің қыр-сырын терең меңгеріп, тұлпармен тіл табыса білетін деңгейге жетті. Жылқыны баптау, ерттеу, жарысқа дайындау және бәйге жолына қауіпсіз алып шығу – оның күнделікті дағдысына айналған.
Клубта алған тәлімі Русланның бойында жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастырды. Ол жылқы мінезін сезіне білетін, бәйге ережелерін жетік меңгерген, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтайтын жас шабандоз ретінде танылып келеді.
Астанада кәсіби шеберлік орталықтарын дамытуға арналған республикалық семинар өтуде.
2026 жылғы 11 ақпанда Астана қаласында кәсіби шеберлік орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған республикалық семинар өз жұмысын бастады.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, «Talap» КЕАҚ және European Training Foundation (ETF) қолдауымен DARYA халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылуда.
Еліміздің 28 жетекші колледжінің қатарында бұл семинарға Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі қатысуда.
Үш күнге жоспарланған бағдарлама аясында ISATCOVE халықаралық өзін-өзі бағалау құралын енгізу, стратегиялық жоспарлау жүйесін дамыту және білікті кадрларды даярлау сапасын арттыру мәселелері қарастырылуда.
Сонымен қатар Global Gateway бастамасы шеңберіндегі халықаралық әріптестікті кеңейту мүмкіндіктері мен ENE (Network for Excellence) жаһандық желісіне қосылу перспективалары талқылануда.
Семинарға қатысу колледждің кәсіби шеберлік орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып, оның тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Екібастұз қаласындағы №21 ресурстық орталықтың «Time Diggers» командасы робототехника, жасанды интеллект, STEM және инженерлік шығармашылық бағытындағы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі фестиваль — Alem Tech Fest 2026 шарасына қатысты. Фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнам елдерінен 5000-нан астам қатысушы жиналды.
Фестивальдің басты оқиғаларының бірі — FIRST халықаралық бағдарламасы аясында өткен Central Asia FIRST Championship чемпионаты болды. Биыл қатысушылар «Археология» тақырыбы бойынша инженерлік жобаларын қорғады. «Time Diggers» командасы бірнеше іріктеу кезеңінен өтіп, еліміздің үздік командаларымен қатар жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Жас қатысушылар бірнеше тарихи кезеңді біріктіретін интерактивті археологиялық ойынды ұсынды. Ойын алаңы мен тапсырмалар модельдеу, логикалық ойлау, конструкторлармен жұмыс және робототехника элементтеріне негізделген. Жобаның бірегейлігі — ойынның мектеп жасына дейінгі балалардың өз қолымен жасалуы және археологиялық сюжет арқылы STEAM-білім беру элементтерін: зерттеу, құрастыру, тәжірибе жасау және командалық өзара әрекеттестікті біріктіруі. Ойын барысында бала жай ғана ойыншы емес, зерттеуші әрі жаңалық ашушы рөлін атқарады.
Екібастұз командасының халықаралық технологиялық фестивальге қатысуы өңірде инженерлік ойлауды дамыту мен ерте кәсіби бағдар беруге бағытталған білім беру бастамаларының нақты нәтижесін көрсетеді.